A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

         ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

         1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:

            1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1-тарау. Жалпы ережелер»;

         1-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:

         «Мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға  жіберілмейді.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2-тарау. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің тәртібі»;

         5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «5. Осы ережелерге сәйкес үміткерлер материалдарды ресімдейді және республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіште тапсырады»;

         9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың өңірлік бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын қалыптастырады;»;

         9-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

         «4) өңірлік кезеңдегі конкурстың жеңімпаздарын марапаттайды.»;

         11-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытындыны жасайды және  өңірлік кезеңдегі конкурстың жеңімпаздарын айқындайды.

         Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын және үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.»;

13-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Бұл номинацияда табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және қоршаған орта, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі».

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және/немесе өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.»;

  13-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Гран-при «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында беріледі.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Конкурсты өткізу туралы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі үміткерлердің жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жәрдемімен жүзеге асырылады.»;

         16-1 және 16-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне катысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.

         16-2. Ұйымдастырушылар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісімен әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.»;

         жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1, 2 және 3 тараулардың тақырыптарын мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары»;

         «3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру»;

         8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».

         2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                       Президенті                                                                   Қ. Тоқаев

ТіркемеМөлшер
Package icon ukaz_kaz.zip123.26 KB
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші