check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні

Жыл сайын 12 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымы 2002 жылы жариялаған Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - балалар еңбегінің проблемаларына және құлдық, қауіпті жұмыс, құқыққа қарсы іс-әрекет және т. б. жататын оның ең нашар формаларына назар аудару.

Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі қағидаларының бірі. Бұл заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мұнда Халықаралық еңбек ұйымының №138 «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы», сондай-ақ №182 «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» конвенциялар негіз қалаушы құжаттар болып табылады.

Бұдан басқа, заңнамада он сегіз жасқа толмаған азаматтардың еңбегін пайдалануға тыйым салынған 103 жалпы кәсіппен және жұмыс түрлерінен тұратын жұмыстар тізімі айқындалған.

2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында кәмелетке толмағандарды жұмысқа заңсыз тартудың 10 фактісін анықтады. Барлық анықталған фактілер бойынша ұйғарымдар беріліп, жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасын сақтауға және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолдануға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ азаматтар кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану деректері жайында еңбек инспекциясына немесе «111 жедел қызмет» байланыс орталығына хабарлай алады.

 

12 маусым, 2019 - 16:49 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші