A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр

ҚР Парламентінің Мәжілісі

Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.

Бұл заң жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тапсырмасы бойынша өңделіп, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi еңбек өтiлi мен жеңiлдiктердiң мөлшерi арасындағы қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу мөлшерлемесін қайта қарау жоспарланып отыр, бұл әлеуметтік жәрдемақылардың үш түрінің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бар азаматтар үшін аталған коэффициенттің максималды мәні - 1,0. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2%-ға арттыру ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейіне (30%-дан 100%-ға дейін) сәйкес анықтау ұсынылады.

Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санына сәйкес қолданылатын коэффициентті арттыру ұсынылады.

Сонымен қатар, заң жобасында жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін табысты алмастыру коэффициентін 30% - дан 40% - ға арттыру, сондай-ақ жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімін жүйеге қатысу өтіліне байланысты 4-тен 6 айға дейін ұзарту көзделген.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарына жаңадан келетін және қазіргі төлем алушылар арасында шиеленісті болдырмау мақсатында асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алып жүрген азаматтар үшін жаңа өзгерістерді қолдана отырып, бір реттік қайта есептеу жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.

12 маусым, 2019 - 20:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші