check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына орайластырған халықаралық конференциясында еңбек болашағы талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумы аясында БҰҰ-ның ең көне мамандандырылған мекемелерінің бірі - Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы департаментінің директоры Грахам Минтон және тағы да басқалары қатысты.

Конференцияны ашқан вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова әлемнің барлық елдері мен халықаралық ұйымдардың күн тәртібінде тұрған еңбек нарығындағы жаһандық сын-қатерлерді атап өтті.

«Бізде Қазақстанда осы тәуекелдерге ден қоюдың жүйелі шаралары қалыптастырылып, жүзеге асырылуда. Құрылымдық реформалар жоспарлы түрде жүргізілуде. Озық халықаралық тәжірибеге жақындау үшін ЭЫДҰ стандарттары енгізілуде», - деді Г. Әбдіқалықова.

Оның айтуынша Үкімет алдында ауқымды міндеттер тұр: 2025 жылға қарай лайықты еңбек ақысы мен қауіпсіз жағдайлары бар 1 млн.астам жұмыс орнын құру. Жаңадан кірген және жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттерінің деңгейін арттыру. Өмір бойы үздіксіз оқыту үлгісіне көшу үшін жағдай жасау.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз кезегінде, Республика ХЕҰ Жаһандық комиссиясының болашақ еңбек саласы мәселесі жөніндегі ұсынымдарын толықтай қолдайтынын атап өтті. Жалпы соңғы 10 жылда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 35% - дан 24% - ға дейін төмендеді, бұл Оңтүстік Корея (25%) және Польша (21%) сияқты елдердегідей көрсеткіш. Министр сондай-ақ еңбек нарығындағы өзгерістерге алып келетін жаһандық сын-қатерлерді атап өтті - бұл 4.0 Индустриясы, жасанды интеллект және робототехника, еңбек ресурстары құрылымындағы демографиялық өзгерістер, жұмыс күшінің инклюзивтілігін арттыру.
«Министрлік жаһандық сын-қатерлер мен елде қалыптасқан үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның еңбек нарығының болашағы туралы пайым әзірледі. Халықтың саны 2025 жылға қарай 19,8 млн. - ға дейін немесе 1,6 млн. - ға (2017 жылғы 9% - ға) өседі деп болжануда. Жұмыс күшінің саны 6,7% - ға артып, 9,8 млн.адамды құрайды (2017 жылы 9,0 млн. - дан)», - деді Б. Сапарбаев конференцияда сөйлеген сөзінде.

Ол экономиканы технологиялық жаңғыртуды ескере отырып, 2025 жылға қарай кадрларға деген қажеттілік 570 мыңнан астам адамды құрайтынын атап өтті. Орта және жоғары білікті жұмыс орындарының санын 766 мыңға арттыру көзделіп отыр. Біліктілігі төмен еңбекке деген сұраныс қысқарады. Мұндай жұмыс орындарының саны экономиканың дәстүрлі салаларын жаңғырту есебінен 530 мыңға азаяды.

"Ағымдағы жылы біз 480 кәсіби стандартты әзірлеуді жоспарладық, жалпы, 2020 жылға қарай біз Қазақстан экономикасының барлық негізгі салаларында шамамен 550 кәсіби стандартты бекітеміз", - деді министр.

Конференция барысында аталған тақырыптардың әртүрлі аспектілері бойынша жан-жақты және сындарлы пікір алмасу болды.

18 маусым, 2019 - 09:35 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші