A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігінің делегациясы Женевада өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының 108-ші сессиясына қатысуда

ХЕҰ

Халықаралық Еңбек Конференциясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек конференциясы ХЕҰ шешімдерін қабылдаудың жоғары органы болып табылады. Бұл шара Ұйымға 187 мүше мемлекеттің үш жақты делегациясын жинай отырып, жыл сайын өткізіліп тұрады.

Қазақстанның ресми делегациясының құрамына ҚР Үкіметінің, жұмыс беруші ұйымдардың және Қазақстан кәсіподақтарының өкілдері кірді.

Өз баяндамасында Ақмади Сарбасов еңбек және жұмыспен қамту саласын мемлекеттік реттеудің қазақстандық моделі туралы баяндады. Бұл ретте, вице-министр еңбек нарығындағы өзгерістерге алып келуі мүмкін жаһандық сын-қатерлерді де атап өтті.

«Алғашқы сын-қатер - 4.0 Индустриясы, жасанды интеллект және робототехника секілді цифрландыру мен технологиялардың дамуына байланысты. Екіншісі-еңбек ресурстары құрылымындағы демографиялық өзгерістерге негізделген. Үшінші сын-қатер еңбек қатынастарының жаңа нысандарының дамуымен байланысты» - деп атап өтті Ақмади Сарбасов.

Осыған байланысты Қазақстанның Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Еңбек нарығының инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту бойынша екі нақты жоба, сондай-ақ еңбек ресурстары біліктілігінің Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін Ұлттық біліктілік жүйесін жақсарту саласындағы ЭЫДҰ-ның негізгі ұсыныстары іске асырылды.

Сонымен қатар, конференция аясында Ақмади Сарбасов халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каэтаномен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2009 жылдан бастап ХӘҚҚ мүшесі болып табылады. Бұл ұйымға кіру мақсатымыз әлеуметтік әділеттілік принципі негізінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін халықаралық деңгейде ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, адам құқықтары мен адам ресурстарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, жаңа сервистік модельдерді қабылдау мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара қол жеткізген ынтымақтастықтың деңгейіне қанағаттанушылық білдіре отырып, ХӘҚҚ шеңберінде қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық қызмет көрсету мен ұзақ мерзімді күтімге қол жеткізуді кеңейту, Қазақстанда 2021 жылы белсенді қартаю үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктері тақырыбында іс-шаралар өткізу мүмкіндігін талқылады.

Вице-министр Ақмади Сарбасов Қазақстанның ХӘҚҚ-мен ынтымақтастығы еліміздің халықаралық міндеттемелерге бейілділігін растайтын басым мәнге ие екенін атап өтті.

19 маусым, 2019 - 09:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші