A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығының  жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтері орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарда қолданылады.

Еңбек нормаларының жинағында көмекші персонал: басшылар мен басқа қызметшілердің (техникалық орындаушылар) лауазымдары, жұмысшы кәсіптері қамтылған.

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерінің жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталында, еңбек жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.

 Осы бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға  алып келмейді.

 Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30  желтоқсанда № 12670 тіркелді.

 

 

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту

 және жоспарлау департаменті

ТіркемеМөлшер
Package icon press-reliz_prikaz_1002_gos.docx_.zip18.09 KB
26 маусым, 2019 - 17:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші