A A A
Мазмұнына өту

You are here

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады - Бердібек Сапарбаев

итоги АСП 2018

Дүйсенбі, 24 маусым күні халықпен есепті кездесу барысында Еңбек министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев ҚР Тұңғыш Президентінің көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты.

«2019 жылғы 1 сәуірден бастап Елбасының тапсырмасы бойынша АӘК көрсету шарттары өзгерді, оған көмек тағайындау критерийін арттыру, әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% немесе 20 789 теңге көлемінде кепілдік берілген ай сайынғы көмек, отбасының жиынтық табысынан кейбір жәрдемақы түрлерін алып тастау кіреді. Нәтижесінде бүгінгі күні АӘК 277 мыңнан астам отбасыға немесе 1,3 млн.астам адамға төленді. Жыл басынан бері 67,7 млрд.теңге сомасында АӘК төленді, төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады», - деді министр.

Әкімдіктермен бірлесе отырып, көмектің 11 түрін қамтитын қызметтердің бірыңғай пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен, балалар мен аналарға арналған қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен және т.б. қамтамасыз ету.

Еңбек министрі өз сөзінде балалы отбасыларды қолдау шараларына назар аударды.

Мәселен, ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінетін болады.

Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 5,8 млрд.теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар 237 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оларға жәрдемақы төлеуге жыл сайын 45 млрд.теңге бөлінеді.

«Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша біз мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірлесе отырып, «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасының жобасын әзірледік», - деп түйіндеді Еңбек министрі.

24 маусым, 2019 - 10:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші