A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылы жарты миллион қазақстандық "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты

отчетная трудоустройство

Дүйсенбі, 24 маусым күні Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатын нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы баяндады.

«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету азаматтардың табысына және жұмыссыздардар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл жұмысты күшейту аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, жұмысқа орналасқан соң жеке басы мен отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл үшін біз «Еңбек» Мемелекеттік бағдарламысын іске асырып отырмыз», - деп Еңбек министрлігінің басшысы халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті.

Оның мәліметінше, өткен жылы бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды, оның ішінде 497 мыңы жұмысқа орналастырылып, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына тұрды. 14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды, оның ішінде 10 мыңға жуық жұмыссыз азамат алғаш рет өз кәсіптерін ашты.

Микрокредиттеудің тағы бір қосымша әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Микрокредит алушылар 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.

Ағымдағы жылы Елбасы тапсырмасымен бағдарлама «Жастар - Ел Тірегі» жалпыұлттық жоспарымен толықтырылды, оның шеңберінде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылуда.

Осылайша, үш жыл ішінде 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында  ең көп сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.

«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша тағы да 10 мың адамды жіберетін боламыз, бұл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде жастардың кемінде 60 мың өкілі «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады», - деді министр.

Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кеңеюде. Енді ауылдық көп балалы отбасыларға 505 мың теңге көлемінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады.

Мәселен, көп балалы отбасы алған қаражатын тігін машинасы мен қажетті материалдарды сатып алуға пайдаланып, үйде төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды тігуді ұйымдастыра алады.

Сондай-ақ, көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдігі жеңілдетілген микрокредит беру квотасы қарастырылған. Нәтижесінде биылғы жылы 15 мың көп балалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, осы санаттағы азаматтарды қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту және үйден істейтін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс басталды.

24 маусым, 2019 - 11:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші