A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сапарбаев: 23 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалды

отчетная встреча 8 релиз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.

«Еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Бұл үшін Еңбек қатерлері қартасы қолданылады, онда еңбек заңнамасын көп бұзған кәсіпорындар есепке алынады. Оның көмегімен 2019 жылы еңбек инспекциясы тексерген 3,9 мың кәсіпорында 5 мыңнан астам бұзушылық жойылды. Нәтижесінде 23 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, оларға 3 млрд. теңге жалақы берешегі төленді», - деп хабарлады министр халықпен есепті кездесу барысында.

2019 жылы еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылуда.

«1,7 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізді, 6 мыңнан астам өндірістік нысан аттестатталды. Кәсіпорындарда ішкі бақылауды 15 мыңға жуық өндірістік кеңес жүзеге асырады. Нәтижесінде өндірістік жарақаттанудың төмендеуі байқалады. 2019 жылдың 5 айында жазатайым оқиғалар саны 10,2% - ға төмендеді, зардап шеккендер саны азайды», - деді ол.

Лайықты еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс күшейтілді. 2019 жылы министрлік әлеуметтік әріптестермен және әкімдіктермен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек» ұранымен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жаңа Жол картасын іске асыру басталады.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік жүйесі белсенді дамып келеді.

«Қызметкерлердің еңбек құқықтарының қысқаруына және бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен өңірлердегі кәсіпорындар арасында 122,4 мың Ынтымақтастық туралы  меморандум жасалды. Ірі және орта кәсіпорындардың 96,4%-ы және шағын кәсіпорындардың  39,9%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. Осылайша, осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша әлеуметтік пакет көзделген», - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар, көптеген ірі кәсіпорындармен, бизнес қауымдастығы өкілдерімен қосымша демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ағымдағы жылы өңірлерде халықтың әлеуметтік осал санатын, оның ішінде көпбалалы аналарды қолдау бойынша 38,3 млрд. теңгеден артық сомаға  458 меморандум жасалды. Балалары бар аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін отбасы үлгісіндегі жатақханаларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді салу мәселесі шешілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға демеушілердің есебінен 385 пәтер берілді», - деп қорытындылады министр.

24 маусым, 2019 - 11:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші