A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек Вице-министрі Ақмади Сарбасов халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каэтаномен кездесті

2019 жылғы 17 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орай Конференциясының 108 сессиясы аясында Ақмади Сарбасов халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каэтаномен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Аталған Меморандум алдынғы қатарлы практика мен кәсіптік жарақаттануды едәуір төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен аурулардың санын қысқартуға мүмкіндік беретін профилактикалық шараларды іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Сондай-ақ, адам құқықтары мен адам ресурстарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, жаңа сервистік модельдерді қабылдау мәселелері талқыланды.

Вице-министр Ақмади Сарбасов Қазақстанның ХӘҚҚ-мен ынтымақтастығы еліміздің халықаралық міндеттемелерге бейілділігін растайтын басым мәнге ие екенін атап өтті.

 

5 шілде, 2019 - 11:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші