check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жалпы конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 070000, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32-ші үй, байланыс телефоны: 8 /7232/ 22 - 62 - 31, факс 75-15-33, g.abilmazhinova@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк бос лауазымына орналасуға жалпы конкурсты жариялайды:

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

          7) ғылыми дәрежесінің болуы;

          8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-5 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126356

170599

С-О-5

108305

146177

С-О-6

97510

132019

 

1. №7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына, С-О-4 санаты, 1 бірлік /жұмыс орны: Семей қаласы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2021 жылғы 05 маусымға дейін /

Функционалдық міндеттері: қарамағындағылардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және талдау, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларына шағымданушы тұлғаларды қайта куәландыру, еңбекке жарамсыздық деңгейін, мүгедектік топты тағайындау себептерін және құжаттарды даярлаудың, сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі).

2. №3, 4, 8, 11 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандарына, С-О-5 санаты, 4 бірлік,  /жұмыс орны: Өскемен қаласы (2 бірлік, соның ішінде 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2021 жылғы 16 қыркүйекке дейін), Семей қаласы (2 бірлік, соның ішінде, 2 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2020 жылғы 14 шілдеге дейін, 2021жылғы 27 сәуірге дейін/

Функционалдық міндеттері: мүгедектік тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізу, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық –әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі).

3. Бас маман-заңгер консульт  С-О-5 санаты, 1 бірлік /жұмыс орны: Өскемен қаласы/

Функционалдық міндеттері: департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, соттарда департамент атынан өкілеттік ету және тиісті хат алмасуға, Департамент атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын ҚР заңнамасына сәйкес сақтау, құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Департаменттің құрама жұмыс жоспарын, құрама медиа-жоспарды дайындау, департаменттің веб-сайттында  материалдарды жариялау, басшылықпен жүктелген басқа да міндеттерді атқару

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім құқық (құқықтану, халықаралаық құқық).

4. №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік /жұмыс орыны: Өскемен қаласы/ 

Функционалдық міндеттері: зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыру, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша зейнетақы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау, сот мәжілістеріне қатысу, зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау, зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды бақылауды жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, зейнетақы заңнамасының қолданылуы бойынша насихаттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік  ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылым және технология (автоматтандыру және басқару, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша немесе ортадан кейінгі білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика) немесе техникалық ғылым және технология (автоматтандыру және басқару, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша.

5. №1, 5 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жетекші мамандарына, С-О-6 санаты, 2 бірлік,  /жұмыс орны: Өскемен қаласы (соның ішінде 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2021 жылғы 06 наурызға дейін),

Функционалдық міндеттері: өз жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және талдау, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі науқастар мен мүгедектерді қабылдау мен куәландыруды ұйымдастыру, науқастар мен мүгедектердің алғашқы құжаттарын әзірлеу, іс жүргізуді атқару, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі) немесе ортадан кейінгі білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі, мейірбикелік ісі).

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Анықталған нысандағы өтініш  /2 қосымша/

2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі; 

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

 Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Персоналды басқару қызметі  (кадр қызметі) «Е-қызмет»  интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар, жалпы конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күнінің ертенгі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Талапкерлер әңгімелесуге өткізілгені жайлы рұқсат хабарлама берілген күннен кейін, үш жұмыс күні ішінде әңгімеслесуді «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан  облысы бойынша департаменті» РММ-нің ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурстың кезеңдері туралы «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан  облысы бойынша департаменті» РММ-нің интернет ресурсында және көпшілікке көрінетін ақпараттық стендінде орналасатын болады.

Конкурсты өткізу ережесі мен құжаттардың үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы бұйрығымен бекітілді және www.kyzmet.gov.kz. ресми сайтында жарияланды.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан  облысы бойынша департаменті» РММ-нің персоналды басқару қызметіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

                                                                Өтініш

Мені_______________________________________________________________

___________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________

____________________________________________________________________________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.    

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

 ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

          күні/дата

 

 

 

 

 

 

 

24 маусым, 2019 - 16:47 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші