A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы
26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1- бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді.

Аталған қаулы жобасының басты мақсаты қиын жағдайға тап болған әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға, оның ішінде көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар сияқты түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз атына алған кредиттік міндеттемелерін орындай алмай отырған азаматтарға көмектесу, оларға өз отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру болып отыр.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға алып келмейді.

Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

30 маусым, 2019 - 17:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші