A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚМ ЕӘҚКҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті Б корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

ҚР ЕХӘҚМ ЕӘҚКҚК  Ақтөбе облысы бойынша департаментіБ корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

         «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 101 үй, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 54-60-71, факс: 8 (7132) 41-72-43, e-mail: g.umarova@enbek.gov.kz,  мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

           № 5 мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы,

(уақытша, негізгі қызметкердің 17.07.2021 ж. дейін бала күтіміне  байланысты демалыста болу мерзіміне), С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126356 теңгеден 170599  теңгеге дейін.

         Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау. Мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай, 18 жасқа дейінгі «мүгедек бала» санатын айқындау, зардап шеккен немесе өзге де еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зақым келген қызметкердің (бұдан әрі - қызметкер) қосымша көмек және күтім түрлері мұқтаждығын айқындау бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу/белгілемеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау туралы алқалы сараптамалық қорытындысын шығарылып, ал дәлелсіз қорытындысын анықталған кезде денсаулық сақтау органдарының және Министрлігінің тапсырмаларының жолдама бойынша қорытындысын дұрыс шығаруға өзінің ұсынысын енгізу. Халықтың мүгедектіктің деңгейін мен себептерін зерделеу. Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмекті   ДКК қорытындысының, медициналық құжаттардың, оның ішінде науқастың консультацияға жолдамасы бар амбулаторлық медициналық картасы негізінде МӘС бөлімі жүргізеді. Мүгедектік белгілері бар барлық әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақыртылатындар туралы ақпаратты жергілікті әскери  басқарма органдарына ұсыну. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуына бақылау және мониторингі жасау. Департаментте және денсаулық сақтау ұйымдарында (келісім бойынша) МӘС және мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша кеңесті, семинарларды өткізу. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мүгедектікті, мүгедектікті алдың алу сұрақтары бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жасау. МӘС бөлімінің шығарылған сараптамалық шешімдерінің дәлелділігіне бақылауды ұйымдастыру және жүргізу. МӘС бөлімінің мүгедектердің  орталықтандырылған дерек базасында  (МОДБ) мәліметтерін  уақытылы  және сапалы  толтыруына   тұрақты түрде бақылауды  іске  асыру. МӘС бөлімінің тиісті ісін жүргізуін және оның қатаң есептегі бланкілерінің мөртабаның, мөрінің, құжаттарының  сақталуына   бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина)

            Мынадай  құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

     Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-сі, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 101 үй өтеді. Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

                                                                                                                     

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________                ____________________________________

  (қолы)                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

5 шілде, 2019 - 16:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші