A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігі мен БҰҰДБ әлеуметтік мәселелерді шешуде ынтымақтастықты жалғастырады

Еңбек министрлігі мен БҰҰДБ әлеуметтік мәселелерді шешуде ынтымақтастықты жалғастырады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Якуп Беришпен кездесті.

Кездесу барысында кедейліктің проблемаларын шешуге, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге бағытталған бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Қонақты қарсы ала отырып, Бердібек Сапарбаев ел басшылығы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен мән беріп отырғанын атап өтті.

Осылайша, ведомство басшысы халықтың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді. Олардың ішінде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды қабылдау, аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар.

«Біз сіздермен бірге көрсетілетін қызметтердің сапасы мен атаулылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету, әлеуметтік сала қызметкерлері мен мамандарының әлеуетін күшейту арқылы қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақтылығын арттыру бойынша тығыз жұмыс істейміз. Біз сіздің азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының әл - ауқатын жақсарту жөніндегі ұсыныстарыңызды қарауға және осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға дайынбыз» - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде Якуп Бериш мырза қолданыстағы бағдарламалар аясында ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік саланың басқа да өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

«Министрлік халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттің ауқымды жұмысында маңызды рөл атқарады. Және бүгінгі күні нақты қаржылық салымдармен бекітілген азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының өмір сүру жағдайын жақсарту бөлігінде ел басшылығының саяси ерік-жігерін бақылау қуантады. Біз ынтымақтастыққа және басым бастамаларға жан - жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

Соңында Бердібек Сапарбаев Якуп Бериш мырзаға Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ Өкілі ретінде табыс тіледі және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.

5 шілде, 2019 - 18:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші