check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әдіскер жалақысы

Саламатсызба. Менің негізгі мамандыгым педагог психолог, 2019 жылы педагогика ғылымдарының магистрі атағын алдым. 2019 жылдың шілде айының 1 нен бастап балабақшаға 0,5 ставка штат бірлігінде педагог психолог, 0,5 штат бірлігінде әдіскер болып жұмысқа орналастым. 1 жыл 11 ай педагогикалық стажым бар. Енді осы бойынша менің жалақымды есептеп берсеңіз, Магистратура балабақшада толенеді ме

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді ҚР Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне (17697 теңге) көбейту жолымен айқындалады.
Лауазымдық айлықақыларды есептеуге арналған коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
БЛА мөлшері бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды.
Қаулының 4-тармағына сәйкес қызметкерлердің функционалдық блоктары әр сала бойынша уәкілетті орган белгілеген Азаматтық қызметшілердің лауазымдары тізіліміне сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- біліктілігі жоғары деңгейлі педагог-психолог санаттарына қарай В3-1, В3-2, В3-3, В3-4 буындарына;
- біліктілігі жоғары деңгейлі әдіскер С2 буынына;
- біліктілігі орта деңгейлі әдіскер С3 буынына жатқызылған.
Сонымен бірге білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар Қаулының 4-қосымшасында және бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар Қаулының 18-қосымшасында белгіленген, оған сәйкес ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақаыдан 10% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.
Бұл ретте, Қаулы бойынша магистрлік дәреже үшін қосымша ақы көзделмегенін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.
Осыған орай, егер Сізбен екінші лауазымыңыз бойынша қоса атқарылатын жұмыс ретінде бөлек еңбек шарты жасалынса, әр лауазымыңыз бойынша бөлек жалақы есептеледі.
Сонымен бірге көрсетілген үлгілер бойынша есеп жүргізу министрлік қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелеріне кірмейтіндігін ақпарат ретінде хабарлаймыз.
Кодекстің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Осыған сәйкес, жалақыңыздың есебі бойынша нақты ақпарат алу үшін ұйымның бухгалтериясына жүгінуіңіз қажет.
Сондай-ақ білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша ресми ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 362348
2 тамыз, 2019 - 19:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші