A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау,

бекіту және қолдану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 16)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығына (Нормативтік құқықтық вктілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған)  төмендегі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларында:

1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Кіріспе»;

«2-тарау. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібі»;

«3-тарау. Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын

әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібі»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Экономикалық қызметтің әртүрлі түрлері үшін ортақ болып табылатын лауазымдарының, басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер біліктілік анықтамалығының құрылымында:

кіріспе, онда жалпы сипаттағы мәліметтер, оны қандай ұйым әзірлеген;

барлық экономикалық қызмет түрлерінің жалпы болып табылатын және кәсіпорындарда, мекемелері мен ұйымдарда кеңінен таралған басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдары;

ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық, технологиялық, жобалау, іздестіру ұйымдарында, редакциялық-баспа ұйымдары мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары;

қызметшілер лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші көрсетіледі.»;

тараулардың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын,  ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қайта қарау»;

«5-тарау. Қорытынды ережелер».

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Еңбек жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылатын жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары келісу құжаттың соңғы парағының төменгі сол бұрышында орналасатын «Келісілді» грифімен ресімделеді.».

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ТіркемеМөлшер
Package icon prikaz_982_gos.zip20.52 KB
Бөлімдер:
2 қазан, 2019 - 09:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші