check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік қолдау, оқу сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейту жөнінлегі тапсырмаларына сәйкес әзірленді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары тетіктерін жетілдіру, еңбек ұтқырлығын арттыру үшін қосымша шаралар көзделеді.

Халықты барынша өнімді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, халықтың және нәтижесіз еңбекпен айналысатындардың, әсіресе ауылдық жерлердегі әл-ауқатын жақсарту мақсатында мынадай шаралар ұсынылады.

- «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларын жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

- үш күнтізбелік айдан бастап жұмыс істеп тұрғын және жалақысы өңір/сала бойынша орташадан жоғары тұрақты және уақытша жұмыс орындарын көздейтін «өнімді жұмыс орны» ұғымын енгізу

- жиырма тоғыз жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ, оқуды аяқтағанына үш жыл болмаған жастар қатарындағы азаматтарға алғашқы жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік беретін «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру;

- зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейтін «Ұрпақтар байланысы» жобасы;

- қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй салуы және оны барлық қоныстандыру өңірлеріне тарату шаралары көзделеді.

Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бастамаларды іске асыру болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

«Электрондық үкімет» порталындағы ашық НҚА бөліміне орналастырылды.

ТіркемеМөлшер
Package icon press_reliz.zip27.03 KB
10 қазан, 2019 - 20:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші