check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Нұр-Сұлтанда 4 сала үшін кәсіптік стандарттар әзірлеу мәселелері талқыланды

кәсіптік стандарт

Елордада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің төрағалығымен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі Басқарушы комитеттің отырысы өтті. Отырыста «Ақпараттық технологиялар», «Байланыс», «Инновациялық қызмет» және «Энергетика» салалары үшін кәсіби стандарттарды дайындау барысы талқыланды.

Іс-шараға Мәдениет және спорт, Цифрлық даму, Инновация және аэроғарыш индустриясы, Энергетика вице-министрлері, түрлі салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлеушілер, «Атамекен» ҰКП және «Ernst & Young» консалтингтік компаниясының өкілдері қатысты.

Сөз басында Біржан Нұрымбетов Ұлттық біліктілік кеңесінің соңғы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев кәсіби стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырғанын еске салды.

«Біз «Ernst & Young» компаниясының сараптама жүргізу мерзімін оңтайландырдық. Бүгінгі күні сараптамаға 480 КС келіп түсті. «Ernst & Young» компаниясы 249 КС бойынша ескертулер берді. Алдын ала қорытынды бойынша, «Мұнай мен газды барлау және өндіру», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «БАҚ, телерадио хабарларын тарату және медиа», «Ауыл шаруашылығы» және «Су шаруашылығы» сияқты бағыттар бойынша неғұрлым сапалы кәсіптік стандарттарды бөліп көрсетуге болады. Сонымен қатар, «ақпараттық технологиялар» және «машина жасау және металл өңдеу» сияқты бағыттар бойынша КС сапасы төмен болып табылады», – деді ҚР Еңбекмині басшысы    

Министрдің айтуынша, барлық 480 КС сараптауды әзірлеушілердің ескертулерін уақытында пысықтаған жағдайда 15 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Әріптестер, бізде 480 КС бекіту бойынша жұмысты аяқтау үшін көп уақыт жоқ. Бірақ мерзімдерді қысқарту КС-ның сапалы құрамдас бөлігіне әсер етпеуі тиіс», – деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Салалық біліктілік шеңбері мен «Туризм» саласындағы кәсіптік стандарттарды дамыту туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, «Ақпараттық технологиялар», «Байланыс» және «Инновациялық қызмет» салалары бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек; «Энергетика» саласы бойынша ҚР Энергетика вице-министрі Сұңгат Есімханов отырыс қатысушыларын ақпараттандырды.

Консалтингтік қызметтер тәжірибесінің жетекшісі, «Ernst & Young» әріптесі Ксения Бабушкина, барлық әзірленген 480 КС сараптамасының аралық нәтижелері туралы айтты.

Іс-шараның соңында Біржан Нұрымбетов орталық мемлекеттік органдарға салалық комиссиялардағы кәсіптік стандарттардың үйлесімділігін қамтамасыз етуді және оларды бекітілген кестеге сәйкес «Атамекен» ҰКП жіберуді, сонымен қатар әзірлеушілердің ескертулерін уақтылы әзірлеуді ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін «Ernst & Young» сараптамасын алуды аяқтауды тапсырды. Әзірлеушілерге графикке сәйкес сараптама нәтижелері бойынша алынған ескертулерді жою және бекітілген КС пен басқа да кәсіптік стандарттарды ескере отырып, әзірленіп жатқан кәсіптік стандарттардағы кәсіптердің қайталануын болдырмауды тапсырды.

6 қараша, 2019 - 12:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші