A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі конкурс жариялау туралы

Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс жариялау туралы

1) № 5 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік,     № 12-03, Шымкент қ.;

Функционалдық міндеттері: мүгедектік тобын, кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін анықтау үшін адамдарды куәландыру, уақытша еңбекке қабілетсіздік мерзімдерін ұзарту, оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, оңалту шараларын өткізу, оңалту шараларын өткізуге бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу, МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрстеу, мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі мамандықтары,  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), жаратылыстану ғылымдары (биология) мамандықтары.

С-О-5 санаты бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Еңбек ақысының көлемі мен шарттары:

Санаты

Қызмет өтіліне байланысты

 

min

maх

С-О-5

108305

146177

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті, 160013, Шымкент қ., Диваев көш., 148-үй», байланыс телефоны: (8-7252) 32-44-32, факс 47-85-41, e-mail: sh.baibulova@enbek.gov.kz төмендегі «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау тәртібі, орны және мерзімі. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттар тізбесі. Ішкі конкурсқа қатысу үшін ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс өткізу ережелері мен құжаттар үлгілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының                  1-қосымшасымен бекітілген және  qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

29 қараша, 2019 - 18:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші