A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Еңбекмині әлеуметтік және еңбек саласының 31 мемлекеттік қызметін көрсетуді мониторингтейді

ҚР Еңбекмині әлеуметтік және еңбек саласының 31 мемлекеттік қызметін көрсетуді мониторингтейді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) мемлекеттік қызметтерді трекинг жүйесінде нақты уақытта 31 қызмет көрсету мәртебесін қадағалайды.

Олардың ішінде жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама беру және т.б.

«Қызметтер трекингінде қандай да бір қызметті көрсетуге қанша өтінім қабылданғанын, қанша табысты өңделгенін, жұмыста немесе мерзімі өткенін тексеруге болады. Мысалы, қазіргі уақытта «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша 214 366 өтініш қабылданды, 3 447 мерзімі өткен. Олардың әрқайсысы бойынша оның қай кезеңде тұрып қалғанын, қай нақты маманның бар екенін және қашан болатынын көреміз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Еңбекминінде мемлекеттік қызметтер трекингі жүйесі әзірленді. Оның нәтижесінде Министрлік қызметкерлері нақты уақыт режимінде келіп түскен және өңделген өтінімдердің санын, олардың қанша мерзімі өткенін және т.б. егжей-тегжейлі бақылай алады. Алдағы уақытта бұл деректер өңірлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау және қажетті шаралар қабылдау үшін негіз болады.

9 қаңтар, 2020 - 11:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші