check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Гулбану Қайратовна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жиынтық табысты есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкімдігіне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359876
8 мамыр, 2019 - 20:28 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің өтінішіңізді карап, келесіні хабарлайды.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекет халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етеді және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Сонымен бірге, қазіргі таңда елімізде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімдік оқу курстарына баруға, кәсіби мамандықты игеруге немесе кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері және еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, солтүстік облыстарға ерікті түрде қоныс аударуға және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, республикадағы, оның ішінде барлық бос жұмыс орындары туралы деректерді қамтитын www.enbek.kz мемлекеттік интернет-ресурсынан лайықты жұмыс қарап, резюмелерді осы сайтқа орналастыруға немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін пайдалануға болатынын хабарлаймыз.
Осыған орай, Сіз халықты жұмыспен қамтуға және атаулы әлеуметтік көмек алу жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359871
23 сәуір, 2019 - 19:16 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Сымбат Едилхановна!

«Өрлеу» бағдарламасы 2017 жылдың соңына дейін әрекет етіп,
2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен алмастырылды. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады.
Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Қалдыгүл Бағдатқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Аталмыш көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359862
19 сәуір, 2019 - 16:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Асима Сандибаевна!

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ҚР-да және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер есептелінеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Сəлеметсіздер ме?! Əлеуметтік көмекті есептеуде қорадағы малдар кіре ме кірмей ме? 18 жасқа толмаған 3 балам бар, 1 студент. Өзім, əйелім мектепте жұмыс жасаймыз. Екеуміздің жалақымыз 220 мың көлемінде, ай сайын 130 мың кредит төлейміз. Бізге осы көмек шыға ма?

Жауап: 

Егер де отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көрсетудің критерийінен аспаса, Сізге атаулы әлеуметтік көмек ұсынылуы мүмкін. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға төленеді.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Осыған орай, АӘК тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 359856
19 сәуір, 2019 - 15:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айжан Бекболатқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Өтінішті қабылдау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) немесе әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы сұрау салуды және басқа да мәліметтерді алып қалыптастырады.
Осыған орай АӘК мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына не бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?Мен 2018ж .24 сәуірінде  егіз босанып көп балалы ана атандым.Дегенмен люготь төленбейді деді,балаларымның жасына дейінгі ақшасы деді.Көп балалы аналарға ЦОН-да кітапша береді деп есітіп барсам,люготь алатындарға ғана береміз деп шығарып салды.Күйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ .Мақта заводта слесарь болып істейтін.Заводта тоқтады.Атымызға тіркелген үйде жоқ.Жер учаскесіне кезекке тұрғанбыз ,участок жоқ деп отыр.Қандай жәрдем бар?

Жауап: 

Құрметті Айгул Рысбаевна!

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы болып табылады.
Егер көпбалалы отбасы жәрдемақы алмаса, отбасының әр бір мүшесіне мекенжай анықтамасы және балалардың туу туралы куәлігі отбасының құрамын айқындайтын құжат болып саналады.
Сонымен қатар, 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Егер де отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көрсетудің критерийінен аспаса, Сізге атаулы әлеуметтік көмек ұсынылуы мүмкін. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға төленеді.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Осыған орай, АӘК тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 359854
19 сәуір, 2019 - 15:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Жулдыз Нурмахамбетқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының барлық табысын есепке алу қажет екендігін және Сіз ұсынған ақпаратта табыс көздері көрсетілмегендігін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші