check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 

Мен 3 баланын анасымын. Озим жумыс жасамаймын, кишкентайыммен декреттемин, жолдасым орт сондируши болып жумыс жасайды, уйимиз жок, жалдаймыз,бирак колик кана бар, бизге акша болинеме???

Жауап: 

Құрметті Айтолқын Қанатқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының барлық табысын есепке алу қажет екендігін және Сіз ұсынған ақпаратта табыс көздері көрсетілмегендігін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Сұрақтың нөмірі: 360150
2 мамыр, 2019 - 09:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! 2014-2018 жылдар аралыгында жумыс жасаган мекеме экологиялык коэффицентсыз айлык толеген. Алматы енбек департаменти тексермеди арызды. Калай ондирип алуга болады?

Жауап: 

Сәлеметсізбе, Айгерім! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.
Осы орайда, облыстың еңбек инспекциясы тарапынан шағымыңыздың қаралмауы мәселесіне қатысты Сізге жазбаша түрде облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторына шағымдану немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арыз жолдауыңыз қажет.
Жалпы түсініктеме ретінде, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабынан экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге берілетінін назарыңызға саламыз.
Демек, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 13-бабында көзделген коэффициенттер қолданылатын еңбекақы мен қосымша еңбек демалысы (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек Заңмен белгіленген аймақтарда жұмыс атқарып тұратын халыққа (зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан) беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 360149
4 мамыр, 2019 - 21:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Атаулы әлеуметтік көмекке құжат жинағанда жеке меншік үйің болса жер актісі мен тех паспорттың көшірмесін сұраған дұрыс па?

Жауап: 

Құрметті Назира Газезовна!

Жаңа тәртіпке сәйкес үміткерлер АӘК алу үшін - тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
АӘК тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттарын ұсыну талап етілмейді.
Қажетті құжаттарды жинауды халықты жұмыспен қамту орталығы немесе әкімдіктер мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұраныс салу арқылы жинайды.
Егер мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы немесе әкімі тиісті мемлекеттік органға және ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. Бұл жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
Бұл ретте, өтініш беруші отыз күнтізбелік күн күтпес үшін қажетті құжаттарды өз бастамасы бойынша қағаз түрде ұсынуға құқылы.

Сұрақтың нөмірі: 360148
2 мамыр, 2019 - 09:55 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Жулдызай Нуржановна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, жақын туыс болып табылатын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жүгінуіңізге болады.

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе!  Мен мемлекеттік балабақшада 0,5ст есепші ретінде жұмыс істеймін. Декреттік демалыстан кейін жұмысқа шықтым. Менің 2 банктан өтелмеген кредитім бар. Енді сол банктер еңбекақы алатын карточка ашпай отыр. Кредитімді өтейтін жағдайым болмай тұр себебі алатын айлығым 30000тг ғана және 4 балам бар, куйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ көбінесе үйде бала қарайды. Менің сұрағым басқа адамға сенімхат беріп сол адамнын банк карточкасынан еңбекақымды алсам болама?

Жауап: 

ҚР Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Жұмыскер Кодекстің 22-бабына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар.
Жалақыны үшінші тұлғаға аударуы заңнамамен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Осыған орай, келісім бойынша жұмыскердің жалақысын аударуын оның арызын нотариалды растаумен жалақысын аударуын мерзімін көрсете жұмыс беруші үшінші тұлғаға аударуға құқылы.
Сонымен қатар, басқа жұмыскердің карточкалық есеп шотына жалақыны аударуы бойынша жауапкершілікке жол жоқ.

мен қазақстан республикасының азаматы,  қытайдан актау қаласында көшіп келгенмін.

солтүстік қазақстанға мемлекеттікбағдарлама арқылы қоныс аударғым келеді, ол үшін  бірінші қадам не істеу керек ,қайдабару керек, ол жаққа барғасын баспана  ұсына аласыздарма?атаулы көмекті қалай аламыз?ата-анам қазақстан азаматы емес оралман статус мен (ықтияр хат).

 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама) аясында азаматтарды жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аудару іске асырылуда.
Үкімет қаулысымен қоныс аударушыларды қоныстандыру өңірлері айқындалды. Оған Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары енді.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып анықталды.
Осы өңірлерге қоныс аударушыларды қабылдау квотасы бекітіліп, квотаға енген отбасыларға әрбір отбасы мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшуге және отбасына 15-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жыл бойы тұрғын үй жалдауға шығындарды өтеуге субсидиялар төлеу көзделген.
Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем жүзеге асырылады. Бұл ауылдық жерлерде қоныс аударушыларға тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
Үміткерлер шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және оралман мәртебесі бар азаматтар болуы керек.
Ол үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш беру керек.

Сұрақтың нөмірі: 360142
25 сәуір, 2019 - 18:49 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ұсынғалы, біраз жұрт қуанып қалып еді. Құжат тапсыруға ХҚКО барғанда кейбір нюанстермен қанағаттанбай қайтып жатыр. Мәселен, кейбіреулердің жылжымайтын мүліктеріне де жиынтық есебіне кіргізіп жатыр дейді. Ал, ресми сайтта Жиынтық табысқа кіретіндер:

Жауап: 

Құрметті Әдемі Бейбітқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы (бұдан әрі – Заң)
1-бабының 5-2)-тармағына сәйкес аз қамтылған адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар) болып табылады және бұл адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 4-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі, олар:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;
3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
4) кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыс;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан түсетiн табыс;
6) бағалы қағаздардан түсетiн табыс;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған табыс;
8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс;
9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;
10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;
11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi табыс.
АӘК тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.
Министрлік сайтына аз қамтылған отбасылардың анықтамасын беру туралы ұсынысыңыз мәліметке алынды.

Сұрақтың нөмірі: 360134
4 мамыр, 2019 - 21:17 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Айнур Даулетханқызы!
Сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіреді.
Сол себептен, көтерілген сұрағыңызды edu.gov.kz сайтына қоюыңызға болатынын хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 

          Мен  Мырзабеков Ескендир Койшыбаевич  Түркістан облысы  Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғынымын. Көп балалы отбасының иесімін.

Жауап: 

Құрметті Ескендір Қойшыбаевич! «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады. АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі. АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады. Жаңа нысандағы АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер мен қарт зейнеткерлер отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылатын болады. Мұндай отбасылардан жұмыспен қамту шараларына қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және отбасының еңбекке қабілетті барлық мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылатын болады. Сіздің өтінішіңізде аталған келісімшарт мәселесін айтатын болсақ, әлеуметтік келісімшарт ол екі тараптың – әлеуметтік көмек алушы мен әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері қамтылған, қаржылай көмек алуға арналған құжат. Яғни, мемлекет осы келісімшарт аясында өз тарапынан отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу шараларын қолданатын болады, оларға қаржылай көмек те қосылады (жаңа форматтағы АӘК), ол үшін алушыдан сәйкес әрекеттер талап етіледі (жұмыс іздеу, әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу). Келісімшарт бойынша аз қамтылған азаматтар өзіне жұмысқа орналасу бойынша міндеттемелер қабылдайды (көбінесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында), мемлекет жергілікті деңгейдегі атқарушы орган ретінде (Жұмыспен қамту орталығы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, ал қажетті жағдайларда – әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге міндеттеледі.

Сұрақтың нөмірі: 360058
23 сәуір, 2019 - 16:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе, Жартылай мемлекеттік балапан бағдарламасымен жұмыс жасайтын ЖШС балабақшадағы тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі (завхоз)  еңбек өтелін қалай есептеуге болады?

1. Тәрбиешіге мектепте атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

2. Тәрбиеші көмекшісі басқа мемлекетте әр түрлі салада қызмет атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

3. Шаруашылық меңгерушісі (Завхоз) жалпы еңбек өтелін аламызба?

4.Екі топқа арналған балабақшаның меңгерушісі әдіскер қызметіни қосымша ақымен ала алама?

Жауап: 

Сіздің сұрауыңызда көрсетілген лауазымдарға жұмыс стажын есептегенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6340 болып енгізілді) Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен пайдалану қажет.
Көрсетілген ережеге сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
Осы мәселені еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссияға қарау ішн енгізу жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360054
8 мамыр, 2019 - 20:30 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші