A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мүгедектерді оңалту" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

   Саламатсыздар ма!  Мен Әбдішәкір Икрамхан Өмірзақұлы Шымкент қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда науқасыма байланысты 2-топ  мүгедегі болып табыламын. Мүгедектікке алғашқы рет 2011 жылы шыққан едім. Содан 7 жылдан бері жыл сайын сараптамадан өтудемін. Осыған  байланысты мүгедектікті қайта куәландыру үшін   келесі сараптамадан өту кезінде мүгедектікті мерзімсіз (бессрочный) уақытқа белгілеуді сұрауға  құқығым бар ма? Жылдағы қабылдайтын емдеу шаралары оң нәтиже бермеуде. 

Жауап: 

Кұрметті Икрамхан Өмірзақұлы!

    Сіздің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жүгінген сұрақтарыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 58-бабында тапсырма бойынша, оның ішінде іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдардың сотта өкілдік етуі реттелген.

    Бұл ретте, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін сенімхатпен расталады.

    Сонымен қатар, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының (ҚР ДСӘДМ 21.12.2016 ж. № 1079 бұйрығы) 24-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету мекеме юристінің құзыретіне кіреді.

Сұрақтың нөмірі: 348742
27 қыркүйек, 2018 - 15:42 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Балам Зкрия Муса Оразбекұлы  02.10.2007 жылы туылған.

Балалар церебральді салдану, атонико-астатикалық түрі, орташа ауырлықты дәрежелі.

Мен баламды республикалық балалар оңалту орталығына (Астана, Алматы) Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекеніндегі емдеуге алып бару үшін квотаны 2 жыл бойынша ұзақ күтемін. Баламды емдеуге алып баруға жыл сайын мүмкіндік қарастырылса екен деп ойлаймын.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (mz.gov.kz).

Сұрақтың нөмірі: 344419
16 мамыр, 2017 - 18:13 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қызым Базарбек Альбина 2000 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Бала кезінен мүгедек. Қазіргі уақытта 3 топ мүгедегі. Жалпы мектепте 11 сынып оқушысы. Диагнозы: оң жақ ұршық басының потологиялық шығуы, ашық түрде қалпына келтіруден кейінгі жағдай. Оң жақты дефформацияланған коксатроз.

Сұрақ: 1.Қызымның арманы мед академияда білім алу. ҰБТ тапсырғаннан кейін мүгедектігі бар балаларға грант ұтып алуға мүмкіндік бар ма? Сіздер тарапынан қандай жеңілдіктер бар? Ақылы бөлімде оқытуға жағдайым жетпейді.

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақтар бойынша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі (mz.gov.kz) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сайттарға сұрақтар қоюыңыз қажет (edu.gov.kz).

Сұрақ тақырыбы: 

3.Менің балам Шайділда Мақсат 2006 жылы туылған.

2014 жылдан қыркүйек айынан бастап анапластическая астроцитома правой теменной доли головного мозга в стадии клинической декомпенсации.G-III. Состояние после КПТ, тотальное удаление опухоли от 24.09.2014г, лучевой терапии СД 40 ГР диагнозымен ауырады, отадан кейін сол жақты гемипарезі бар.

Сұрақ: Осы уақытқа дейін оңалту оталықтарына барған жоқ. Осы диагнозбен оңалту орталығына бара ала ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Сізге, Астана қаласындағы сауықтыру Орталығында квота арқылы емделу үшін порталға тұруға тұрғылықты жеріңіз бойынша алдын ала сақтандыру емдеу мекемесіне жүгінуіңіз керек. 

орн.Дускалиева С.

Сұрақтың нөмірі: 344406
29 мамыр, 2017 - 18:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ұлым Кенжебай Нұрдәулеттің анасымын. Ұлым 18.12.2010 жылы дүниеге келген. Диагнозы: ДЦП спастический тетрапарез тяжелой степений тяжести.ЗПРР аигиопатия сетчатки. Анемия III ст.

Сұрақ: Баламды Астана қаласындағы РДРЦ. РЦ да Ана мен балаға және Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекенінде орналасқан мүгедектерді оңалу орталығынан ем алғымыз келеді. Балам анемия болғандықтан  ешқандай жерге ем алуымызға қабылдамайды. Қан мөлшері 65 тен 83 ке дейін ғана көтеріледі.

Сіздерден қандай көмек болады?

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (mz.gov.kz).

Сұрақ тақырыбы: 

Қызым Рысбай Айару 2010 жылы  26 қарашада туылған. Диагнозы: ДЦП гиперкинетическая коксортроз.

Сұрақ: ПМПК мамандарының қорытындысы бойынша маған қызымды үйден оқытуға кеңес берді. Бірақ мен қызымды жалпы білім беретін мектепте балалармен бірге оқытқым келеді. Осы мәселе бойынша қандай кеңес бересіздер?

Қайным Сұлтанмұрат Бағдаулет  2004 жылы 21 наурызда туылған. Дианозы: умеренная умственная  отсталость со значительными нарушениями поведения, трубующие внимания и лечебных мер. Энурез, F-F1,1.

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойынша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (edu.gov.kz).

Сұрақтың нөмірі: 344402
12 мамыр, 2017 - 18:15 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Менің балам Тәуірбай Арсенге ДЦП, атоническая форма, средней степени, Резидуальный период. Внутреняя гидроцефалия диагнозы қойылған.

Сұрақ: Баламның кеудесі мен басын МРТ-ға түсіру 18 жасқа дейін мүгедектігі бар балаға тегін бола ма? 

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (mz.gov.kz).

Сұрақ тақырыбы: 

Қызым Ажиева Гүлім 29.11.2012 жылы туылғалы бері ДЦП. Атоническо-астатическая форма. Симптоматическая эпилепсия, ЗПМР. ОНР 1 уревень. Яғни төсекке таңылған сал ауруымен ауырады. Қызымды Алматы және Астана қалаларындағы емдеу орталықтарына көрсетуді армандаймын. Жергілікті дәрігерлер жолға жарамайтындығын айтып квота бермей отыр. Қажетті дәрігерлерге интернет арқылы хабарласып, ем қабылдауға мүмкіндік бола ма? Осы жөнінде қандай кеңес бере аласыздар? Келешекте қызым ең болмаса отырып, өзі тамақтанатындай жағдайға жетсе екен деген оймен үміттенемін.

Жауап: 

Азаматтардың  медициналық  көмек көрсету мәселелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жататындығын ескере отырып, Сіздің өтінішіңізде аталған сұрақтар бойынша  өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта,  медициналық құжаттармен  Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымына немесе Департаменттің МӘС бөліміне шағым жасауңызға болатындығын хабарлаймыз.

 

          орын. Сәрсембаева К.Ж.

Сұрақтың нөмірі: 344067
18 сәуір, 2017 - 12:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен Құрманбаева Лаура. Менің сұрағым: Бірінші тарап:үшінші топтағы мүгедек қызметкері,ал екінші тарап:жұмыс беруші.Егер де жұмыс беруші ушінші топтағы мүгедек қызметкерін Бюджеттің қысқаруына байланысты жұмыстан босатып жатса,мүгедек қызметкері қалай өзін қорғай алады және қандай бапқа сүйене алады?

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек төлемақысының әдіснамасы» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 343892
5 сәуір, 2017 - 15:55 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме. Мен І топ мүгедегімін. Маған коммуналдық төлем жасау кезінде қандай жеңілдіктер қарастырылған

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Бақытжан!

 

Қазіргі таңда Сізге қолданыстағы заңнамаға сәйкес, І топ мүгедегі ретінде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленуде.

Сондай-ақ Сізге оңалту орталығына, санаторлық-курорттық емделу және жеке көмекші қызметіне мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген. Аталған оңалту шараларын алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсыруыңыз қажет.

Тұрғын үй көмегіне қатысты

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)беріледі.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісі есептеледі(негіздеме: «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы).

Осыған орай, Сізге тұрғын үй көмегі туралы толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тиісті құжаттармен жүгіну қажет.

Орындаушы: Қалмет М. 

Сұрақтың нөмірі: 343483
6 наурыз, 2017 - 16:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші