A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне

 

080000 Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2

үйдің тұрғыны ЖСН  760917402530

Жумадилова Алия Смаиловнадан

тел. 87775079767

Өтініш

Жауап: 

Құрметті Алия Смаиловна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы, 1-тармағының
13) тармақшасына сәйкес бірге тұратын, бірақ жақын туыстары болып табылмайтын адамдардан басқа бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және бір елді мекеннің шегіндегі тұрғылықты жері бойынша тіркелген отбасының барлық мүшелері отбасының құрамында есепке алынады.
Сонымен бірге, Министрлікпен объективті себептер бойынша басқа елді мекендерде болған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасы мүшелерінің құрамындағы балаларды есепке алу бөлігінде, олар басқа елді мекендерде және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін реттейтін нормаларды бекіту туралы заңнама бойынша шаралар қабылдануда.
Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу сатысында екендігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы

Сізге хат жазып отырған Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар елді мекені тұрғыны соғыс ардагері запастағы офицер Егізбай Марғұлан.

Жауап: 

Құрметті Егізбай Марғұлан!

 

Сіздің  шағымыңызда жазылған мән-жайларға байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мыналар анықталды:   

Жұбайыңыз Касымбекова Зауре Булегеновна 2019 жылдың 19-мамырында Бөржар ауыл округі әкімі аппаратына атаулы әлеуметтік көмек алуға электронды өтінішін берген және ол 19.05.2019 жылы №10449272 болып  тіркелген. Бұдан әрі   Бөржар ауыл округі әкімі аппараты 2019 жылдың 24-мамырында Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы реестрмен жолдаған.

Сонымен қатар, азаматша З.Касымбековадан жеке кәсіпкерлік ашу немесе жеке кәсіпкерлікке тіркелу туралы ешқандай құжат сұратылмағанын және жинақталған құжаттарының  жоғалмағаны анықталды. Және жоғалу жөнінде Сізден және жұбайыңыздан құзыретті органдарға  шағым түспегенін  мәлімдейміз.

Нәтижесінде Ордабасы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан мәліметіне сәйкес, З.Касымбекованың отбасының  орташа айлық кірісінің мөлшері жанбасына шаққанда төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмағанын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360997
12 маусым, 2019 - 14:23 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салематсызба?! Менің жолдасым Арабияда діни университетте оқиды күндізгі бөлімде. Оқу орнынан оқып жатыр деген анықтамасы бар. Қазіргі таңда ол Қазақстанда емес.Мен балдарыммен Қазақстанда тұрамын. Менің үш балам бар. Атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне аламба? Жолдасымның оқу орнынан басқа анықтама керекпе? қалай болады?

Жауап: 

Құрметті Айбол Аманкелдіұлы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің әлеуметтік желіге жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне» сәйкес, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәліметті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360963
30 мамыр, 2019 - 19:14 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? менің сұрағым егіз босанған көп балалы анамын. Соңғы балада аз салмақтағы жедел дәрігерлердің көмегімен кесрова тілігін жасау арқылы алынған бала егіздер. олардың өзіне арнайы жағдай жасалу керек балалар . сол кесір тілігіне бір реттік төлем жасалған болатын. ол негізі денсаулыққа байланысты төлем табысқа кірмеу керек емеспе? кейеуім жеке кәсіпкер сомен осы бір реттік төлемдік қосқанда менікі 21 м асып кетеді. менің босанғаным 14.12.2018ж күні бырақ сол ақша ақпан айына түскен ол табыс көзіне жатама? мен сонда көп балалы ана бола тұра жәрдем ақы алалмайымнба?

Жауап: 

Құрметті Эльвира!
Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады. Бұл көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беруі көзделген.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi, оның ішінде бір жолғы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақы.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 360875
31 мамыр, 2019 - 18:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлематсыздарма!  Мен І топ мүгедегімін. Есімім -Бектембаев Нурбек. Сіздерге осыдан 11 ай бұрын  дала арбасы туралы хат жазғанмын, сіздердің жауаптарыңызды да алдым. Бірақ өкінішке орай былтыр беріледі деген арбадан әлі хабар жоқ. Жұмыспен қамту бөліміне келетін арбалар дала арбасы емес, тендерден ұтады сосын сол адамдар алады дейді, бірақ сол тендерге салар кезде үй арбасы мен дала арбасын ажыратып салса деймін. Менің дала арбам деп алған арбамның мерзімі өтті яғни 1,5 жыл болды өтіп кеткеніне. Береді, береді мен әлі күтудемін.

Жауап: 

Құрметті Нурбек Мубаракович!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің блог-платформаға жазған сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес Сіз мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес протезді ортопедиялық бұйымдармен, гигиеналық  және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіліп отырсыз.

Бүгінгі күні сіздің өтінішіңіз негізінде серуендік кресло-арбаның мерзімі келуіне байланысты өтінішініз қанағаттандырылды.

Сұрақтың нөмірі: 360792
12 маусым, 2019 - 14:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Не деген масқара. Адамның ойна келмейтін қандай заң.

Жауап: 

Құрметті Марғұлан Тұрғынбайұлы!
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті әлеуметтік келісімшарт жасасу шарт болып табылады.
Бұл ретте шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
Осыған орай Сіз атап өткендей АӘК алу үшін жеке кәсіпкерлік қызметін (ИП) ашу міндетті шарт болып табылмайды.
Ал отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Дегенмен қазіргі таңда жеке қосалқы шаруашылық (аула алдындағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер бойынша табысты есептеу әдістемесін қайта қарау жұмысы Министрлікте қарастырылуда.

Сұрақтың нөмірі: 360732
22 мамыр, 2019 - 12:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме!? Алдын ала рақмет! Менің сұрағым мынадай. Қайын ағаларымның 3 баласы жоғарғы оқу орнында Шымкент қаласында оқиды, бізбен бірге тұрады. Менің өзімнің 4 балам бар, оның екеуі мектепте, біреуі балабақшада, кішісі 2 жаста. Күйеуімінің айлығы 150000. Өзіміз туысқанымыздың үйінде тұрамыз, коммунальный шығынымыз да жетерлік, денсаулығымызға байланысты кредит алуға мәжбүр болып, кредит төлеп отырмыз. Сонда күйеуімнің айлығына өмір сүріп емес тірі қалудың амалымен жүрміз.

Жауап: 

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360682
23 мамыр, 2019 - 19:15 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Менің сіздерге қоятын сұрағым: әскери қызметкерлерге квартира жалдап отырғанымыз үшін жилстрой банкке құятын адам басына төленетін ақша (наем.жилья) атаулы әлеуметтік көмек алу үшін кіріс көзіне саналады ма? Өтініш сұрағымды жауапсыз қалдырмаңыздаршы!

Жауап: 

Құрметті Гулбаршын Толешовна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі қарастырылған.
Әскери қызметтегі адамның (отбасының) тұрғын үйге төленетін өтемақысы отбасының жиынтық табысына есептелетінін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360656
14 мамыр, 2019 - 16:10 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Әссаламу алейкум! Министр мырза,Әлеуметтік көмек алу үшін Менін отбасым 5 адам үш бала баримиз жалдамалы патерде турамыз. Және сол патерде уакытша тіркеудеміз. Ал туракты тіркеуде Мен және 3 балам агамнын уйнде турамыз. жубайым озінің анасының үйінде тұрақты тіркеуде. Енді Сұрақ Бізді барлығың бір жерде тұрақты тіркеуде болуларың керек деп құжаттарымызды қабылдамай қойды.Содан сон ХҚКО барып мәселемді айтсам олар заңнама түсіндірмесінде былай түсіндірілген - сіздер уакытша патерде бірге тұрасыздар.

Жауап: 

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, қолданыстағы заңнама сәйкес барлық отбасының жиынтық табыстарын есептеген кезде тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу міндетті шарт болып табылады.
Отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Сіздерге барлық отбасыңызбен бір мекен жай бойынша тіркеліп (тұрақты немесе уақытша) жұмыспен қамту орталығына (ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне) жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 360571
24 мамыр, 2019 - 19:39 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салематсызба! «Е-халық» ақпараттық жүйесі - ауылдық округтер әкімдерінің шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы делінген. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратына е-халық базасымен жұмыс жасау жөнінде тапсырма берілді.

Жауап: 

Құрметті Назгүл Қобыландықызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Е-Халық» АЖ) қатысты өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
Бүгінгі күні бүкіл республика бойынша «Е-Халық» АЖ енгізілді, ол халық туралы мәліметтердің толық есепке алынуын және азаматтардың елдің кез келген нүктесінде әлеуметтік игіліктерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
«Е-Халық» АЖ әрбір Қазақстандық отбасының әлеуметтік картасын қалыптастыруға және оның негізінде өңірлердің, жеке алынған елді мекеннің, тіпті ауылдық округтің шегінде халықтың әлеуметтік әл-ауқатының мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда оның базасында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштер қабылдау іске асырылды.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты «Е-Халық» АЖ жұмыс жасауы орынды деп санаймыз.
Сонымен бірге бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Мемлекеттік жер кадастры», «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» және «Ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік тіркеу» ақпараттық жүйелерінің «Е-Халық» АЖ интеграциялау жұмыстары жүріп жатқандығын және интеграцияланғаннан соң барлық қиыншылықтар жойылатындығын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360564
17 мамыр, 2019 - 19:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші