A A A
Мазмұнына өту

You are here

Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде комиссиямен зардапқа әкеліп соққан және ұлғайтатын өрескел абайсыздығынан болса комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданады және пайызбен жұмыс беруші мен жұмыскердің кінәсінің дәрежесін анықтайды.

Қазақ

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру құжаттары ұйымда (жұмыс беруші) қырық бес жыл бойы, қызметі тоқтатылған жағдайда жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру құжаттары міндетті түрде қызмет ететін орынына қарай мемлекеттік мұрағатқа берілуі тиіс.

Қазақ

Топтық жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру 2 адам қайтыс болған жағдайда жергілікті еңбек инспекциясы құрған комиссия арқылы, 3-тен 5-ке дейін ЕХӘҚМ құрған комиссия арқылы, 5-тен көп адам қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған құрған комиссия арқылы өткізіледі.

Қазақ

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы қажет.

Қазақ

Еңбек қызметіне байланысты ауыр зардапқа немеса адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру арнайы тергеп-тексеру комиссиясы арқылы өндірістік жарақаттың ауырлығы дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде келесі құрамда: төраға – мемлкеттік еңбек инспекторы, мүшелері –жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілдерімен өткізіледі.

Қазақ

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, арнайы тергеп-тексеруге жататындарын қоспағанда, жұмыс берушінің актісімен құрылатын комиссия арқылы өндірістік жарақаттың ауырлығы дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде келесі құрамда: төраға – ұйымның басшысы (өндірістік қызмет) немесе оның орынбасары, ол болмаған кезде жұмыс берушінің уәкілеттік өкілі; 2) мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен қорғанысы қызметінің басшысы және жұ

Қазақ

Тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекеттік инпектор арасында туындаған келіспеушіліктер бағыныстылығына қарай жоғары тұрған тиісті мемлекеттік еңбек инспекторымен және (немесе) сот тәртібінде реттеледі.

Қазақ

Тергеп-тексеру аяқталған соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей зардап шегушіге немесе оның сенімді өкіліне жазатайым оқиға туралы актінің бір данасын беруі тиіс.

Қазақ

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті төлемдерді жүргізу бойынша міндеттерін құқық мирасқоры жүзеге асырады.

Қазақ

Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағидаларға сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауды жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен бес жылда бір реттен сиретпей өткізуге міндетті.

Қазақ
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші