Ағымдағы жылдың 19-21 шілде күндері аралығында еліміздің аймақтарында өткен мамандықтар жәрмеңкелеріне 40,1 мыңнан астам адам қатысты, олардың 61%-ы, яғни 24,4 мың адам – жұмыссыздар, 23%-ы немесе 9,3 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
5206 жұмыс беруші 31275 бос жұмыс орындары туралы жариялап, бұл жұмыс орындарына 10127 адам жолдама алып, оның 78,5% -ы немесе 7953 адам жұмысқа орналастырылды.
Жәрмеңкелерге 517 оқу орны қатысып, олармен 1013 келісім-шарт жасалды. 1505 адам оқуға, оның ішінде 632 адам немесе 42% кәсіби дайындыққа жіберілді.