A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Тоқсейітова Гүлнар Мүслімқызы  2013 жылдың 19-20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызмет жоспарына сәйкес «Көк залда» және «Қызыл залда» өткізілген мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинар аясында  «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік саясат» «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төраға орынбасатры – Оспанқұлов Т. Қ. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық АНТ мүшесі ретінде Алматы облысы Балхаш ауданының әртүрлі категориядағы азаматтарымен 3 кездесу өткізді. Жалпы кездесулерде 300 жуық адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Төраға орынбасары Гүлнар Мүсмімқызы Тоқсейітова  2013 жылдың 4 қаңтарында  «СТВ», «KZ24», «Хабар»  телеарналарына «2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің арттырылуы туралы» сұхбат берді. Қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Төраға орынбасары Гүлнар Мүсмімқызы Тоқсейітова  2013 жылдың 15 қаңтарында  «Қазақстан» телеарнасында «Таңшолпан»  атты бағдарламасына қатысты. Хабар аясында Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту бағдарламасының дамуы бойынша сұрақтары қарастырылды. Қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.

Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Г. Тоқсейітова және «ЗТМО» РМҚК 2013 жылдың 21 қаңтары мен 3 ақпан аралығында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында  әлеуметтік-еңбек саласын бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде көшпелі оқу жұмыстарын.

Ағымдағы жылдың 2-10 желтоқсан  аралығында Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сапаршылары (Ж.Д. Дәулетханова А.Р.Омирбекова, А.Н. Кемерова) Қызылорда облысы  бойынша  Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің және облыстық ЗТМО орталығының, медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызмет көрсету жөніндегі сапасының жүзеге асырылуы тексеріліп,  азаматтарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша тәжірибелік көмек көрсетілді.

Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Тоқсейітова Гүлнар Мүслімқызы 2012 жылдың 4-5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызмет жоспарына сәйкес «Көк залда» өткізілген мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинар аясында  «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

2012 жылғы 4 желтоқсанда «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық бөлімшесінде өткен жемқорлыққа қарсы әрекет атты форумға Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМК-ның алғашқы партиялық ұйымның жемқорлықпен күрес жөніндегі Кеңестің мүшесі Т.Қ. Оспанқұлов қатысты. Сонымен қатар, бұл форумға Парламент депутаттары, және біршама мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 120 адамнан астам.

2012 жылғы 30 қарашада ҚР Жоғары сотында өткен медиация жөніндегі халықаралық конференцияға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Т.Қ. Оспанқұлов қатысты. Сонымен қатар, бұл конференцияға Парламент депутаттары, Жоғары сот қазылары, Бас прокуратура өкілдері және біршама мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 60 адамнан астам.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясымен бірлесіп Министрлік қызметкерлерінің  «Үзіліссіз байланыс» атты жобасы бойынша азаматтарды «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдау туралы концепция жасады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші