A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2016 жылдан бастап ротация негізінде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) жұмыс органы болып табылады.

Министрлікпен 2016 жылдың 4 тамызында ВАК 32 отырысы өткізілді.

Отырыста 3 сұрақ қарастырылды:

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, осыған дейін өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша, 400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, орталық 11 679 адамға қызмет көрсеткен, соның ішінде 6974 тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, олардың қатарында тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер және әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар бар.

Бірнеше жыл бұрын жеті жылға сотталған экс-министр  бүгінде операциялық үстел жанына қайта оралды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Жақсылық Досқалиев «Халық сөзіне» берген сұхбатында айтып берді.

Мемлекет басшысының араласуымен босатылған дәрігер күн сайын адам өміріне араша түсіп, өзінің сүйікті ісімен айналысуда.

Қазір Жақсылық Досқалиев өзін бостандыққа шығаруға ықпал еткен елбасына іштей рахметін айтып жүреді екен.

2010 жылдың қарашасынан 2016 жылғы қазанға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «КазМедТех» АҚ көмегімен 167 денсаулық сақтау ұйымында медициналық техника жаңартылды. Осы кезеңде лизингке 500 астам бірлік медициналық техника сатып алынды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов пен Әли Бектаев Шымкентте өтіп жатқан «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысты.

Көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі және өмірі қиын жағдайда жүрген адамдардың өмірдегі ахуалын жақсартуды көздейтін әлеуметтік жобаларды таныстыру болып табылады.

Облыс басшысы 25 желтоқсаннан кейін біраз өзгеріс болатынын да жасырмады. Жұмыс істей алмайтындарға шара қолданамын деп қадап айтты.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов дәрігерлерді бір сілкіп алды деп, хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарасай ауданындағы ауруханада бір аптаның ішінде екі бірдей сәбидің шетінеуі облыс басшысының ашуын туғызды. Осы келеңсіз оқиғаға байланысты бүгін облыс әкімдігінде шұғыл түрде жиын өтті.

2002-2015 жылдар аралығында Қазақстанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында денсаулық сақтау саласының 330 466 маманы (2002 жылы –9 500, 2015 жылы – 47 512), оның ішінде 2 572 адам шетелде оқытылды.

ҚР ДСӘДМ-де мәлімдегендей, мамандарды шетелде даярлау 2005 жылы басталды. Осы уақыт аралығында қазақстандық мамандар диагностикалаудың жаңа әдістері мен кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, гематология, акушерлік және гинекология, педиатрия, фтизиатриядағы және т.б. жаңа емдеу тәсілдерін үйренді.

Ақтөбелік дәрігерлер мылқау келіншектің жатырынан 6 келі миома алды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын келіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Іші іскенше жүре берген келіншектің жатырындағы миоманы астаналық дәрігерлер анықтаған. Дәрігерлер қатерлі ісікті әйелдің жатырымен бірге алып тастаған. Сөйлей алмайтын келіншектің үш баласы бар.

Бұрын науқастар емделу үшін Астана қаласына немесе шетелге баруға мәжбүр болатын. Жергілікті мамандар Астана қаласындағы Ұлттық Нейрохирургия орталығында арнайы білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтаған.  Мидағы ісікті инновациялық жолмен алуға арналған озық құрал-жабдықтар сатып алынды. Енді аймақ дәрігерлері жыл соңына дейін 50-ден астам операция жасауды жоспарлап отыр.  Факизат Қалиева, емделуші  -Маған аденома гипофиза деген диагноз қойды. Ол мидағы ісік. Скораямен түстім. 5 күн бойы комада реанимацияда жаттым. Енді осы жаққа шығарды. Мың да бір рахмет айтам.

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында тұратын Айгүл Төлеубаева ою ойып, құрақ құрап қыз жасауын түгел дайындайды. Бесік құралын әзірлеп, келін, күйеу көрпе тігеді. Қазақы сәнмен әсемделген көрпені алғашында базарға барып саудалады. «Көрпе алыңыз» деп өткен-кеткенге өз қолынан шыққан әсем дүниелерін ұсынған шебер арада 7 жыл өткенде шағын тігін шеберханасын ашуды жоспарлап қойған. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасына құжаттарын тапсырып, 1,5 миллион теңге несиені күтіп отыр. Қаржыға қажетті тігін құрал-жабдығы мен мата алуға рұқсат бар, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші