A A A
Мазмұнына өту

You are here

Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиналыс барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы 1 жартыжылдық қортындысы айтылды.

АҚТӨБЕ20 Шілде , 12:38

Жиында Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, департамент басшылары және бизнес өкілдері қатысты.

“Ең бастысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің төмендеуіне жол берілмеуі керек. Бізде бұл үшін барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар. Үшінші тоқсанды жоғары көрсеткіштермен қортындылау үшін барлық шараларды қолдану керек, - деп баса айтты жиында Бердібек Сапарбаев.

2016 жылдың басынан бастап белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының жанындағы (әрі қарай - ӘБО) арнаулы мобильді әлеуметтік патруль қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2 мың 332 адамға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетті.

Дәрігерлер еліміздегі күйдіргі ауруына қарсы вакциналардың сапасын тексеруге кіріспек. Өйткені қатерлі дерттің өршуіне сапасыз екпе себеп болуы мүмкін. Қазір дәл осы індетті жұқтырған павлодарлық тағы бір тұрғынның жағдайы өте  ауыр.

Бауыржан Байсеркин, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры:

Жыл соңына дейін 417 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және жұмыспен қамту шараларының аймақтық кешенді жоспарын 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асыру нәтижелері» атты тақырыпта өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

16 мыңнан астам қазақстандық мүгедектікті анықтау кезінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің композитті қызметін пайдаланып үлгерген, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz.

Биыл 1 шілдедегі мәлімет бойынша, мүгедектікті алғаш рет рәсімдеген 16 мың 740 қазақстандық электронды композитті қызметті пайдаланған. Ол медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жұмыс істеу қабілетінен айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді белгілеуге бір уақытта өтініш беруге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

Астанада жұмыссыздарға арналған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шара 14 шілдеде сағат 11.00-ден 13.00 дейін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл бос орындар жәрмеңкесі жетінші рет өткізіледі. Шараға 50 жұмыс беруші, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер қатысады. Келушілерге 500 астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізеді. Биыл тағы да бес жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі пилоттық режімде қаржы жағдайы күрделі кәсіпорындардың жұмыскерлерінің жалақыларын субсидиялауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ДСӘДМ вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.  

2016 жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 33 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда, оның 27-де күрделі жөндеу, 6-да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Павлодар облысында 2016 жылдың алты айы ішінде экстракорпоральдық ұрықтандыру әдісіне 30 отбасы өтініш берген. Былтырғы жылы олардың саны 65 болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Салтанат Төлегенова мәлім етті.

Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарының пациенттері 133 мың 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. 

Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мың 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мың 600 сеанс, пульмонология бойынша – 3 мың 215 сеанс, неврология бойынша – 2 мың 251 сеанс және тағы басқалары. 

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші