Құрметті Бауыржан Берікұлы!
Сіздің сауалыңызды өз құзыретіміз шегінде мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазіргі таңда елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімдік оқу курстарына баруға, кәсіби мамандықты игеруге немесе кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері және еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, солтүстік облыстарға ерікті түрде қоныс аударуға және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, 2018 жылғы қаңтардан бастап республикада Электрондық еңбек биржасы жұмыс жасайды. Барлық бос жұмыс орындары туралы деректерді қамтитын www.enbek.kz мемлекеттік интернет-ресурсынан лайықты жұмыс қарап, резюме орналастырып немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін пайдалануға болатынын хабарлаймыз.
Баяндалғандарды ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын алу қажеттілігі, сондай-ақ осы мәселелермен байланысты басқа да сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғылықты мекенжайыңыздағы халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуді ұсынамыз.