A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сәлеметсіздербе!

Мен Тұрдыақынұлы Нұрбек  2019.11.22 күні зейнеткерлікке құжат тапсырдым.

Еңбек өтіліне 1998жылдан кейінгі кәсіптік мектептерде оқыған жылдарымды есепке алмады. және 80 жастан асқан кәрі адамды күту мерзімін есепке алмады. Ондай заң жоқ дейді.

Мен

1). Мен ТОО"Арғымақ" жүргізуші даярлау мекемесінде 2001жылы оқып ВС категориясымен жүргізуші куәлігін алдым.

2). Алматы қаласындағы № 14 кәсіптік мектепте 22.09.2004 - 22.12.2004жыл  аралығында "Шағын және орта кәсіпкерлік маманы бойынша оқыдым.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 366030
7 ақпан, 2020 - 18:13 өзгертілді

Салематсыз ба? Менің опекунмын. Заңды түрде. Қала әкімінің шешімі бар. Өзім тұрмыста жоқпын. Бюджеттік мекемеде жұмыс жасаймын. Менің қорғанышымдағы қызым  18 жасқа толғаннан кейін зейнетақысы тоқтатылады.Ол қыз тұл жетім. Ол 11 сыныпты бітірді. Жоғары оқу орнында оқиды. Ақылы бөлімде. Осыған байланысты оған оқу ақысын төлеуге қандай жеңілдіктер бар.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 365791
23 қаңтар, 2020 - 11:17 өзгертілді

Қайырлы кеш! Менің 5 балам бар. Үлкен ұлдарыңыз 18 -ге толып кеткен деп айтады.Маған 5 балаға бөлінетін көмек(пособие) төлене ме? Жоқ енді мен көп балалы деп саналмай қалдым ба? 

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 365699
16 қаңтар, 2020 - 22:32 өзгертілді

Құрметті Министр мен көп балалы әкемін. Президентіміздің №34 жарлығына сәйкес қыркүйек айының басында халықтың несиелерін кешірген кезде тізімнен болған жоқпын. Содан кейін біз неке куәлігімізді цифрландырып 26-қыркүйек күні 111 нөмеріне хабарласып көпбалалы отбасы ретінде тіркелдім, 1 айдан кейін тізімге кіресі

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 364535
24 қазан, 2019 - 14:00 өзгертілді

Мен, Уксикбаев Нуркабыл Минажадинович "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған , 2-топ мүгедегі 08.08.1974 жылы туылған қарындасым Уксикбаева Лаура Минажадиновнаға қорғаншымын аудан әкімінің қаулысы бойынша, алайда, базада ол туралы ақпараттың жоқтығынан 26.06.2019 жылғы ҚР президентінің №34 жарлығына ілікпей қалдым. Сол себепті сандық ақпараттық жүйеге қандай орган ендіретінін жазып жіберсеңіздер жақсы болар еді. Мен тұрғылықты жерім бойынша АХАЖ, ГЦВП, ХҚКО, әлеуметтік бөлімге барып едім, олар барлығы да біз оцифровать етпейміз деп шығарып салды.

Жауап: 

Без Ответа

Менің ұлым Сайлаубай Бекболат 2004 жылы дүниеге келген, оқитын орыны Орта мектеп Гимназиясы Үшқоңырда 9 сыныпта оқиды, ал өзім Алатау ауданы Шаңырақ 1 ықшам ауданы, Егемен 33 үйде тұрамын қолымда 1 жастан асқан кіші ұлым және мектепке 2 сыныпта оқитын ұлым, бала бақшаға баратын 4 жастағы қызым бар. Үлкен ұлым Сайлаубай Б. Үшқоңырда бұрыңғы күйеуімнің анасының үйінде 5 күн тұрып оқиды ал сенбі, жексенбі күндері үйге келеді, қалған 3 айлық демалыста және тоқсандық демалыстарда да үйде болады. Ол мектебін қалалық мектептерге ауыстырғысы келмейді, өйткені 2 жыл ғана уақытым қалды деп отыр.

Жауап: 

Без Ответа

Мен egovkz сайтындағы "МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТАУ" қызметі бойынша анықтағанда "жалданушы жұмыскер" (социальный статус "наемный работник") деп ескі мәлімет берді. Ал мен 2018 жылдың 7 мамыр күнінен жасыма байланысты зейнеткермін. Ол менің egovkz порталындағы жеке кабинетімде де көрсетіліп тұр. Сіздерден әлеуметтік мәртебемді жаңартуды өтінемін.

Жауап: 

Қайырлы күн!
2019 жылғы 26 маусымда электрондық үкімет порталында Сіздің ЖСН бойынша әлеуметтік статусыңыз «жалдамалы жұмыскер» статусынан «әлеуметтік төлем алушы» статусына ауыстырылды. Бұл ретте, «әлеуметтік төлем алушы» әлеуметтік статусына зейнеткерлер жататынын атап өтеміз.

Менің анам зейнетке 2017 жылы қазан айында шықты. Бірақ еңбек өтілі дұрыс есептелмей тұр, 1998 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты зейнетақы аударымдарымен есептегендіктен толық шықпай тұр, зейнет.сы  айсайын түспеген,стажы аз болып қалды. не істеуге болады? ол кісі  31 жыл еңбек етті, бірақ зейнетақысының уақытында түспегендігінің кесірінен стажы аз болып қалды. осындай жағдайда қандай әрекет жасауға болады?  түспеген барлық  зейнетақыға   бухгалтер  анықтама расифровкасымен жасап берсе толық 1998-2017 жылдың аралығын қабылдайсыздарма?

Жауап: 

Құрметті Еркин Сактапбергенович! Қазіргі таңда «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасымен дәлелденеді. Осыған орай зейнетақы қорына уақытылы аударылмаған зейнетақы жарналарын бойынша жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынуы қажет.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 62-бабы 2 тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талап етуі бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мамандығы (біліктілігі, лауазымы), жұмыс істеген уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтаманы, жұмыскердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.
Еңбек кітапшасын жоғалтыбалған кезде, жұмыскер бұрынғы жұмыс берушіне хабарласады мәліметтерді толтыру үшін.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші