A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

 

Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Мұханбеткұл!
Сіздің хатыңызды өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің 937-бабына сәйкес азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (сонымен қатар санаторий-курорттық емделуі), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.
Мүгедектікті белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың (Мүгедектікті белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары) 47 тармағына сәйкес МӘС бөлімі кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу (бұдан әрі- КЕА) белгіленген мерзімге куәландырылатын адамның:санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына және зақым келген қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда - оны алып жүретін адамның санаторлық-курорттық емделу орнына баруға және кейін келуге анықтамасы әзірленеді.
Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың 28 қазан айында Сізге үшінші топ мүгедектігі мерзімінсіз және 50 % кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырлыуы, 35 % жалпы еңбек ету қабілетінің айырлыуы белгіленген. Сонымен қатар, санаторно-курортық емге оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленіп, жұмыс орынан Сізге шығындары төленіп отырғаны анықталды (Сіздің қол хатыңызды қосымша жолдаймыз).

Сұрақтың нөмірі: 359827
23 сәуір, 2019 - 17:03 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Уважаемый Руслан Назарбаевич!

Согласно правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующей на получение государственной адресной социальной помощи (далее - Правила) (Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года) совокупный доход лица (семьи), претендующей на предоставление жилища исчисляется местным исполнительным органом. При исчислении совокупного дохода лица (семьи) в ее составе учитываются все члены семьи, совместно проживающие, ведущие общее хозяйство и зарегистрированные по месту жительству в пределах одного населенного пункта.
Касательно определения размера совокупного дохода семьи отмечаем, что при исчислении совокупного дохода семьи (гражданина) учитываются все виды доходов, полученные в Республике Казахстан и за ее пределами за расчетный период.
Также необходимо отметить, что решение о предоставлении адресной социальной помощи или ее отсутствии входит в компетенцию местных исполнительных органов. Согласно вышеуказанных Правил, при местном исполнительном органе действует участковая комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

Сұрақтың нөмірі: 359826
19 сәуір, 2019 - 16:51 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Уважаемый Руслан Назарбаевич!

Согласно правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующей на получение государственной адресной социальной помощи (далее - Правила) (Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года) совокупный доход лица (семьи), претендующей на предоставление жилища исчисляется местным исполнительным органом. При исчислении совокупного дохода лица (семьи) в ее составе учитываются все члены семьи, совместно проживающие, ведущие общее хозяйство и зарегистрированные по месту жительству в пределах одного населенного пункта.
Касательно определения размера совокупного дохода семьи отмечаем, что при исчислении совокупного дохода семьи (гражданина) учитываются все виды доходов, полученные в Республике Казахстан и за ее пределами за расчетный период.
Также необходимо отметить, что решение о предоставлении адресной социальной помощи или ее отсутствии входит в компетенцию местных исполнительных органов. Согласно вышеуказанных Правил, при местном исполнительном органе действует участковая комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

Сұрақтың нөмірі: 359825
19 сәуір, 2019 - 16:50 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма! Мен сіздерден сұрайын дегенім менің киеуім, өзім жұмыс жасаймыз, бірақ алатын жалақымыз аз, екеуміздікін қосқанда жалақымыз 138,496 тенгені құрап отыр. 5 балам бар. бесеуіде 18 жасқа толмаған, 6 балама аяғым ауыр, сол себептен әр балаға 20789 тенге құрайтын жәрдемақыны мен ала аламын ба??? және қандай документтер керек???

Жауап: 

Құрметті Жұлдыз Төлегенқызы

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 359821
17 сәуір, 2019 - 18:23 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Балаларға жəрдемақы төлену бойынша Жамбыл облысы бойынша құжаттар қабылдау басталды ма,Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрамын,студент бір балам,18 жасқа дейін бес бала,барлығы алты балам бар,күйеуім əзірше жұмысшы болып бір фирмада жұмыс жасайды айлығы45000 теңге,мен декреттік отпкскідемін,маған қарастырыла ма бұл бағдарлама,яғни 20780 теңгеден бір балаға жəрдем ақы деген

Жауап: 

Құрметті Анар Абдуакабовна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасылар алатын жәрдемақыны, мүгедек балалардың аналары алатын мемлекеттік жәрдемақыны және степендияны алып тастау қарастырылған.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Есімханұлы Ермухан!
Әлеуметтік көмек бөліміндегі 359819 санды нөмірімен тіркелген сұрағыңыздың мәтіні (текст) көрсетілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысты сұрағыңыз болса мәтінін жолдау қажет екенін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 359819
22 сәуір, 2019 - 17:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Саулемай Турланқызы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) өтініш берушінің келісімі бойынша өтініш берушінің табыстарын орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі деректермен салыстырып тексереді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген кезде ескеріледі.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?  АӘК тағайындау кезінде табыстың оклады есептеледі ме, әлде қолға түсетіні есептеледі ма,  айлықтың оклады есептеледі ма?,  әлде қолға тиетіні ма? Соңғы 6 айдың табысының орта мәнін есептейді ма,  әлде 3 айы ма? 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаласының 3 тармағына сәйкес атаулы мемлекеттік көмек күнкөрісі төмен адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) тағайындалады.
Мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс және өзге де табыстар. Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде АӘК тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы кезіңі (3 айдың табыстары) үшін есептейді.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Аталмыш көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақ тақырыбы: 

Мен Кабдырахман Айгерим 2 топтагы мүгедекпін. Ажырасқанмын. Оқушы балам және зейнеткер әке-шешеммен тұрамын. Әке шешем 70 000 теңгеден 140000 теңге зейнетақы алады. Мен 42000 теіге мүгедектікке зейнетақы аламын. Ауылдық округ әкімшілігін, жұмыспен қамту орталығына барып Атаулы әлеуметтік көмекке кеңес алғанмын. Маған табысың асады, сізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды деді 2 мекеме де. Менің әке-шешемнің зейнетақысы өздерінің денсаулықтарына кетеді, менің мүгедеутігіме алатын зейнетақым да дәрі-дәрмекке кетеді. Сондықтан маған атаулы әлеуметтік көмек алуға көмек сұраймын.  

Жауап: 

Құрметті Айгерим!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға ғана тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Бұдан басқа, әр өңірде жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Аталған көмекті көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеуді жергілікті жердің атқарушы органдары айқындайды.
Осыған орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына не бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359760
22 сәуір, 2019 - 17:51 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? Мен сіздерден кандайда бір көмек сұрап отырмын. Жасым 27 де 3баланан анасымын. Күйеуім екеуіміз бірге тұрмаймыз заңды түрде ажыраспағанбыз.екеуіміз екі бөлек обл.тұрамыз. Балаларым 3жас,1ж 10ай және 4айлық ортанғы балам ауыршан көп аурады. жатаханадан 1 бөлмені 35мыңға жалдап тұрамыз. Алимент 52000 аламын 1жасқа толғанша асырап жеткізуге 20000тг. Мемлекет төлеп отыр. Ком.услуга тамақ дәрі дәрмек киім кешекке несиенің қара тізімінде жүрсемде жайлап төлеп жетпей калады. Қатты қиын жағдайда қалып қоятын күндеріміз болады.

Жауап: 

Құрметті Сункар Қаршығақызы!

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 4-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi, оның ішінде әлеуметтiк төлемдер және балаларға төленетін алимент ескеріледі.
Сіз ұсынған ақпаратқа сәйкес отбасыңызда жан басына шаққандағы табыс 18 000 теңгені (52000 + 20000 / 4= 18 000 теңге) құрайды.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ауыл әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.
Баспана мәселесі Министрлік құзіретіне жатпағандықтан, жергілікті атқарушы органға жүгінуіңізді сұраймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359756
15 мамыр, 2019 - 19:13 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші