check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2017 жылдың 1 наурызына 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ) 410  мың адамға тағайындалды.   2016 жылдың  1 наурызымен салыстырғанда алушылар саны 28,9 мың адамға азайған, ал жәрдемақы сомасы 1,8 млн. теңгеге көбейген. Республика бойынша  БМЖ  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 2339,0 теңгені құрады, яғни былтырғы жылдың осы кезеңдегі мөлшерінен 155,7  теңгеге артқан.

еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан алынған мәліметтер бойынша 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында 109,9 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2017 жылдың  1 наурызына  жұмыспен қамту органдарында 67,2 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 38,9 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 35,4 пайызы жұмысқа орналастырылды, 7,3 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3,4 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

 2017 жылдың өткен кезеңі бойынша 19,9 мың адам қоғамдық жұмыстармен камтылды, 94 адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2017 жылдың 1 ақпанына аз қамтылған отбасылар қатарындағы 11,5  мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері  4195,1 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  47,2  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2017 жылдың 1 ақпанына 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ) 246  мың адамға тағайындалды.   2016 жылдың  1 ақпанымен салыстырғанда алушылар саны 18,2 мың адамға, ал жәрдемақы сомасы 79,4 млн. теңгеге көбейген. Республика бойынша  БМЖ  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 2374,3 теңгені құрады, яғни былтырғы жылдың осы кезеңдегі мөлшерінен 158,9  теңгеге артқан.

еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан алынған мәліметтер бойынша 2017 жылдың қаңтар айында 67,4 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2017 жылдың  1 ақпанына  жұмыспен қамту органдарында 55,1 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 14,8 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 30 пайызы жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2017 жылдың өткен кезеңі бойынша 10,2 мың адам қоғамдық жұмыстармен камтылды, 60 адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

 

еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан алынған мәліметтер бойынша 2016 жылдың айларында 518,4 мың адам жұмыспен қамтылу мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2017 жылдың  1 қаңтар жұмыспен қамту органдарына 37,5 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту уәкілетті органдарының делдалдығымен өтініш жасағандардың ортақ санының 70 пайызы немесе 362,7 мың адам жұмыспен қамтылды, яғни соның 21,9 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 22,2 мың түлек жастар тәжирбиесі бойынша жұмысқа орналастырды.

2016 жылдың 91,6 мың адам қоғамдық жұмыстармен камтылды, 21,7 мың адам кәсіби оқуға және қайта даярлауға жіберілді.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

     Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2017 жылдың 1 қаңтарында аз қамтылған отбасылар қатарындағы 28,8  мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.  Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 2438,5 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  53,6  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

   Аймақтық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2017 жылдың қаңтар айының 1 күніне  мемлекеттік жәрдемақы  алушылар  саны  576,1 мың адамды құрайды.   2016 жылдың  1 қаңтарымен салыстырғанда алушылар 24,9 мың адамға, ал сомасы 1116,8 млн. теңгеге көбейген.    Республика  бойынша  БМЖ  1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 1634,1 теңгені құрады. Былтырғы жылдың осы кезеңдегі орта есептік мөлшерінен биыл  94,8  теңгеге артқан.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

   Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2016 жылдың 1 желтоқсанында аз қамтылған отбасылар қатарындағы 28,5  мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 2436,9 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  53,6  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші