A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы" сұрақ-жауаптар

Менің осы өтінішті жазуыма "Маңғыстау облысы бойынша Көші-қон және демография басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер себеп болып отыр. Нақты айтатын болсам, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Бабахановтың 29.12.2002 жылғы №173 санды Қаулысының негізінде жездем Джанбаев Сарсенгали Курмановичпен оның отбасына оралман ретінде қызметтік пәтерге теңестірілген Жаңаөзен қаласы, "Шұғыла" ш/а, 29 үй, 97 пәтері берілген болатын. Аталған қаулының негізінде жалға беруші мен жалға алушының арасында Мемлекеттік қордағы тұрғын үйді жалға беру туралы келісім шарт жасақталды.

Жауап: 

Көші-қон комитеті, сіздің пәтер иесіне қатысты сұрауыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекелеген мемлекеттік мекемелерді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы» 2013 жылғы 27 қарашадағы № 1259 қаулысымен Ақтау қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілген.

         Осыған орай, өз сұрауыңыз бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 304662
8 шілде, 2014 - 16:44 өзгертілді

Орал дизаин стыроисербис деген фирмад iстегем бiрак олар маган пенсиони фоока акша аударамы3 деген бiрак аудармады мен барып сураганда 3 жылда бhр аударамыз дедi сол распа клм бллет

Жауап: 

Зейнетақылық төлемдер бойынша сұрақтары көші-қон комитетінің құзыретіне жатпайды. Білікті жауап алу мақсатында сұрауыңызды «Зейнетақылық қамтылу» бөліміне жолдауыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 302630
8 шілде, 2014 - 16:42 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші