check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

Мекемеде бағдарламашы болып жұмыс жасайды. Ал бірақ дипломы жоқ. (БІЛІМІ МУЗЫКАНТ) Біліктілік беру туралы сертификаты бар. Сертификатта мамандығы техник - програмист. Енді жұмысын сол  СЕРТИФИКАТПЕН ЖАЛҒАСТЫРА  АЛАМА. Қаншалықты заңды. ?

Біліктілік туралы сертификат дипломмен бірдей күші барма?

Жауап: 

Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының (Анықтамалық), жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы).
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділетминінде № 7755 болып тіркелген) (бұдан әрі – Анықтамалық) Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес «техник-программист» лауазымына біліктілікке қойылатын талап:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Анықтамалықтың 8-тармағына сәйкес қызметкердің іс жүзіндегі орындайтын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамасының талаптарына сәйкестігін комиссия (біліктілік, аттестациялық) анықтайды.
Осыған байланысты, бұл мәселе ұйымның біліктілік (аттестациялық) комиссиясының шешімімен айқындалады.

Сұрақтың нөмірі: 362476
13 тамыз, 2019 - 18:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен Бектурганов Мырзабай Алимбайұлы сідердің кол центірлеріңізге 1411 звондадым, даусыңыз естілмейді деп өшіріп қойып қойды, бірнеше рет солай жасады неге? 1414 звондасам олар алды, даусыныз есітіліп тур деп айтты. солай болды.

Жауап: 

Құрметті Мырзабай! Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті.
Сіздің мәлімдеуіңізше жыл сайынғы еңбек демалысын алуға қажетті еңбек стажыңыз, яғни 12 ай бойы жұмыс атқарған уақытыңыз Сізде бар.
ҚР Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
Осы орайда, егер кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысыңызға шығатын уақытыңыз кестеге сәйкес келіп тұрса, жұмыс берушіңіз Сізге демалыс беруге міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 362340
12 тамыз, 2019 - 15:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес дәрігер рентгенолог пен рентген лаборанттаң қосымша еңбек демалысы туралы 3 сұрағым бар

Жауап: 

Құрметті Гүлжахан!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі бекітілген (бұдан әрі - Тізбе).
Тізбемен көрсетілген жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері жұмыскерлердің ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істеуіне байланысты беріледі.
Тізбенің Рентгендiк сәулелену бөлімінде рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын қызметшiлерге 12 күн қосымша демалыс күні, 36 сағат қысқартылған жұмыс уақыты бекітілген.
Осыған орай, егер Сіз рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын қызметшi болсаңыз, Сізге жоғарыда көрсетілген ережелер қолданылады.
Сондай-ақ, аталған бөлімде жұмыс орны, саласы көрсетілмеген. Осыған орай, рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын әскери қызметшіге, дәрігер-рентгенолог пен рентген лаборантқа осы бұйрыққа сәйкес қосымша демалыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақыты беріледі.
Аталған бұйрықты іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 69-бабының 2 тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетіндігі туралы норманың қолдану қажеттігін хабарлаймыз.
Аталған шараны іске асыру үшін Министрліктің хатының қажеті жоқ. Және де жұмыс берушінің бұйрығымен Еңбек Кодексінің 69-бабына сілтеме жасай отырып, аталған шараны іске асыруға болады.

Сұрақтың нөмірі: 362235
6 тамыз, 2019 - 19:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Сіздерге жазып отқан себебіміз, "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалының қызметкері өтініш білдіріп келді. Ол кісінің айтуынша, аталған мекеменің басшысы жұмысшыларының еткен еңбегін бағаламайтындығын айтып, тіпті түнгі кезекте де жұмыс істететінін айтып шағымданып отыр. Оның үстіне салауатты өмір үшін төленетін ақшаны төлемейтіндігін айтқан. Сонымен қатар, жұмысшыларға, атап айтқанда, дворник, электрик секілді жұмысшыларға ақша төлеу үшін дворниктің дипломын алып келіңдер деп айтып жатыр екен.

Жауап: 

Құрметті Гүлдана Сексенқызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылауды еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталмауына байланысты жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері жоспардан тыс тексерудің негізі болып табылады.
Сіздің өтінішіңіздегі «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалындағы еңбек заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында орын алғанымен, Сіз еңбек қатынасының бір тарабы болып саналмайсыз.
Демек, алдағы уақытта, нақты құқық бұзушылықты көрсете отырып, құқығы бұзылған тұлғалардың атынан сенімхат арқылы Түркістан қ., Кентау тас жолы, №2 ғимарат мекен-жайында орналасқан Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жүгіне алатындығыңызды назарыңызға саламыз.

Сұрақтың нөмірі: 361904
16 шілде, 2019 - 19:21 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Исабеков Асет Икматович, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – «Жүзу жөніндегі нұсқаушы» болып қызмет атқарамын. Менің сұрағым: Менің күнтізбелік еңбек демалысым – 39 күн.    Осы заңды ма?

Жауап: 

Құрметті Асет Икматович!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабы 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының нақты ұзақтығы еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілеріме бекітіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361742
5 шілде, 2019 - 15:12 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен,Сағи Бекзат Маратбекұлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – «Еңбек терапиясының нұсқаушысы» болып қызмет атқарамын.

Жауап: 

Құрметті Бекзат Маратбекұлы!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабы 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының нақты ұзақтығы еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілеріме бекітіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361590
29 маусым, 2019 - 13:51 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ардақ Сүннатаәлиұлы!

Ұйымдарда лауазымдарға орналасу республикада қолданыстағы біліктілік анықтамалары мен сипаттамалары негізінде жүзеге асырылады (ҚР ЕК 101-б. 8-т).
Сондай-ақ, бюджет саласындағы қызметтің қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі қызметкерлерді мамандығы (ұқсас) бойынша ұзақ мерзімде жұмыс істеуін ынталандырады, яғни қызметкердің лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне теңдес өсетіндігін айту жөн.
«Мамандық» ұғымы аталған кәсіп шеңберінде еңбек қызметінің белгілі түрін орындауға қажет арнайы даярлық, жұмыс тәжірибиесі арқылы алынған білім және дағдылар жиынтығын білдіреді. «Ұқсас» деп бір нәрсенің екінші нәрсемен сәйкес келуі, бірдейлігі ұғынылады. Ұқсас болып функционалды міндетінің мазмұны ұқсас лауазымдардағы жұмыс танылуы мүмкін (мысалы, базалық деңгейдегі медициналық білімі және денсаулық сақтау жүйесінде мамандық бойынша еңбек өтілі болған жағдайда).
Бұған қоса, мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу кезінде уәкілетті органдармен әзірленген және бекітілген қағидалары қолданылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Көрсетілген Ережесінің 2-тармағына сәйкес педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.
Бұған қоса кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi (Ережесінің 6-тармағы).
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, оның ішінде еңбек кiтапшасы, жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) және басқа да құжаттар болып табылады (Ережесінің 1-т. 3 абзац).
Нормативтік актілердің (тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережесінің, лауазымдық нұсқаулықтардың, еңбек кітапшаларының, білім туралы құжаттың) негізінде мамандық бойынша жұмыс өтiлiн есептеудің әрбір нақты жағдайы бойынша шешімді ұйымының басшысымен бекiтілетін еңбек өтiлiн белгiлеу жөнiндегi ұйымның комиссиясы қабылдайды.
Осыған орай, Сізге ұйымдағы кадр қызметіне немесе «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес қосымша түсініктеме алу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізге қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма. Мен 5 күндік жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда жүктіліктің 25 аптасындамын, сонымен қатар жұмыс орным тұрғын үйімнен 80-85 шақырым қашықтықта, яғни басқа елді мекенде. ҚР Еңбек Кодексінің 70-бабында "Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді" делінген.

Жауап: 

Құрметті Меруерт Жақсылыққызы!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 70-бабы 3 тармағына сәйкес жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

Осылайша, жұмыс беруші жүкті әйелдің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілеуге міндетті.

 

Сұрақтың нөмірі: 361296
13 маусым, 2019 - 17:58 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

мен Астана каласында мектепте жұмыс жасаймын. 1 ставка іс жүргізуші және 0,5 ставка архивариус, енді  отпускке шығайын деп едім. Сұрағым маған оздоровительный төленеді ме және де архивариуска за вредность төленеді ме екен? Мектепте төленбейді дейді? Кітапханашылар шаң-тозаң деп за вредность алады гой, бізде архивте шаң - тозаң көп, денсаулыққа зиян дегендей. Рахмет Осы сұрақты анықтап берсеңіз.

Жауап: 

Лауазымдарды қоса атқару кезінде

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.

Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қызметкердің өзінің лауазымдық айлықақысынан     50 %-ға дейін қосымша ақы белгіленген.

Осыған орай, лауазымдарды қоса атқару кезінде жалақыға қосымша ақы белгіленеді, ал тиісті қосымша ақылар мен үстемеақылар, сондай-ақ сауықтыруға арналған жәрдемақы (егер штаттағы қызметкер болса) тек негізгі лауазымы бойынша жүргізіледі.

 

Қоса атқарылатын жұмыс кезінде

Кодекске сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.

Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.

Осыған орай, егер Сізбен архивариус лауазымына қоса атқарылатын жұмыс ретінде бөлек еңбек шарты жасалынса, барлық тиісті төлемдер, оның ішінде сауықтыруға арналған жәрдемақы (егер штаттағы қызметкер болсаңыз) негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмыс бойынша бөлек төленеді.

Сонымен бірге, Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызметкерлерге шаң-тозаң басқан, зиянды химиялық реакциялардың ошағы болатын кітапханалық және мұрағаттық қорлармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте аталған қосымша ақы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

 

Сұрақтың нөмірі: 361263
13 маусым, 2019 - 11:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Жауап: 

Құрметті Назкен Шынғысовна!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабының ережесіне  жүгінсек, экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер  егерде экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге беріледі делінген.

Заңның 13-бабына сәйкес,  экологиялық қасірет аймағында  тұрып жатқан халыққа, тұрып жатқан аймақтарының санатына қарай, коэффициенттер қолданылатын еңбекақы төленеді, қосымша еңбек демалысы беріледі (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек көрсетiледi.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 Қаулысына сәйкес, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендер деп заң осы аймақта тұрып жатқан немесе бұрын тұрған азаматтарды таниды (6-8-баптар). Сонымен бірге, заңның 13-бабында көзделген өтемдер мен жеңілдіктер, азаматтар зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан, экологиялық қасірет аймағында тұрып жатқан бүкіл халық үшін әлеуметтік қолдау болып табылады. Заң шығарушы бұл жағдайда адамға өзі тұрып жатқан ортаның зиянды әсер етуін ескереді.

Бұл жағдайда екеретін жайт, көші-қон заңнамасының талабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ҚР аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті. Бұл ретте, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуға (тіркелуге) жатпайды делінген (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген  Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына жүгінетін болсақ (13-тармақ).

Жоғарыда аталғанның негізінде Заңның 13-бабымен көзделген жеңілдіктер үшін Заңмен белгіленген экологиялық қасірет аймақтарында  тұратын және еңбек атқаратын қызметкерлерге қатысты (аталған аймақта вахталық әдіспен жұмыс атқаратындарға олардың заңды тіркелген мекен-жайына қарамастан) қолданылады.

Коэффициенттер және қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы Заңмен бекітілген экологиялық қасірет аумақтарында зардап шегу мәртемесіне қарай емес, онда еңбек қызметін жүзе асыратын жұмыскерге беріледі.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші