A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Саламатсыздар ма? Қазақстанда мүгедектерге арналған үй ішілік және серуендік қоларбалар сәйкестік сертификациялаудан өтеді ме? Қандай нормативтік-құқықтық актіге жүгінеміз? Осы мәселе бойынша толық ақпарат беруіңізід сұраймын. Рахмет!

Ответ: 

Құрметті Лаззат!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа келіп түскен хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жергілікті атқарушы орган мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хатына сәйкес мүгедектерге арналып өндірілетін арбалар Қазақстан Республикасында медициналық техника ретінде тіркеледі.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 16-тармағына сәйкес мүгедектерге арналған арбаларды өндіру лицензиялауға жатады.
Сонымен қатар, Медициналық техниканы сертификациялаудан өткізу мәселесіне байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ге хабарласуыңызды сұраймыз.

Номер вопроса: 360474
Изменён 8 мая, 2019 - 20:43
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий