A A A
Skip to content

You are here

Министрлік күйдіргі ауруына егілген вакциналардың сапасын тексеруге кірісті - www.ktk.kz, 2016 жылғы 16 шілде

Дәрігерлер еліміздегі күйдіргі ауруына қарсы вакциналардың сапасын тексеруге кіріспек. Өйткені қатерлі дерттің өршуіне сапасыз екпе себеп болуы мүмкін. Қазір дәл осы індетті жұқтырған павлодарлық тағы бір тұрғынның жағдайы өте  ауыр.

Бауыржан Байсеркин, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры:

-Қазіргі уақытта 14 науқастың 8-і емделіп, ауруханадан шығарылды. Бүгінгі таңда стационарлық емде 6 адам бар. Қарағанды облысында бір науқас, Павлодар облысында үш, Шығыс Қазақстан облысында екі адамды емханадан шығару жоспарланып отыр. Павлодар облысында екі пациенттің жағдайы жақсарып келе жатыр. Бір пациенттің жағдайы ауыр.

Қазір күйдіргі ауруы төрт облысқа  – Қарағанды, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстанға тарап үлгерген. Ауыл шаруашылығы минситрлігіндегілер 6 миллионға жуық малға екпе салдық деп есеп бергенімен, бұл індетті тек бір айда 16 адам жұқтырыпты. Ал Қарағанды облысында екі адам қайтыс болды. Енді күйдіргіге қарсы вакцинаның сапасын еуропалық сарапшылар келіп тексермек. Малдан қатерлі індет тарағанын  естіген Ресей елімізден ет тасымалдауға тыйым салған болатын. Бүгін ресми Мәскеудің ол тыйымды алып тастағаны белгілі болды. Оның үстіне Қарағанды облысында жарияланған карантин де тоқтатылды. Алайда, еліміздің бас санитар-дәрігері әлі де ет сатып аларда аса сақ болуға кеңес берді.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар-дәрігері:

-Бір қарағанда ауру малдың етін ажырату мүмкін емес. Егер өнімнен күдіктенсеңіз, аудан, қала, облыс орталығындағы зертханаларға барып тексертіп алыңыз.  Сонымен қатар етті тек арнайы сауда орталықтарынан алу қажет. Сатушыдан міндетті түрде ветеринарлық құжатын талап етіңіз. 

Categories:
Changed on 27 July, 2016 - 10:01
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS