A A A
Skip to content

You are here

«мүгедек балаларды оңалту орталығы» жартылай стационарлық коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиешінің жұмыс уақыты

Сәлеметсіздер ме! Сіздерге сұрақ қояйын деп едім. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «мүгедек балаларды оңалту орталығы» жартылай стационарлық коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиешінің аптасына қанша сағат жұмыс жасау керектігі жөнінде.

1-сұрақ: Мүгедек балаларды оңалту орталығында қызмет атқаратын педагогикалық жоғары мамандығы бар тәрбиешінің аптасына 5 күндік жұмыс күнінде, 1 күнгі жұмыс сағаты және аптасына норматив бойынша қанша сағатты құрауы қажет

 

 

 Алдын ала рахмет!!!

Ответ: 

Педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес және Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларымен (ҚР Еңбек минінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-Ө бұйрығымен бекітілген) реттелетінін хабарлайды.

Сондай-ақ, апталық нормативтік оқу жүктемесі туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен ала аласыз.

 

Номер вопроса: 353149
Changed on 8 December, 2018 - 18:30
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs