A A A
Skip to content

You are here

АСП

Theme issue: 

Сәлеметсіз! Менің 4 балам бар, үлкенім 8 жаста оқушы, екіншім 7 жаста оқушы, үшіншім 3 жаста балабақшаға барады, төртіншім 1,6 ай кәзіргі таңда папасы үйде қарап отыр. Толық отбасым 6 адамнан тұрады: мен, күйеуім және 4 балам. Күйеуімнің білімі орта мектепті ғана бітірген, мен жоғарғы оқу орнын бітіріп кәзіргі уақытта мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс жасаймын. Балам 1 жасқа толғанша бір жасқа дейінгі пособие алып отырдым, бірақ балам 1 жасқа толғаннан кейін пособие төленбегендіктен, маған жұмысқа шығуға тура келді. Мен өзімнің жалақымның справкасын өткіздім, дегенмен барлық отбасына шаққанда жетіп тұрған жоқ,себебі күйеуім кіші балама қарап үйде отыр, жасы 1,6 ай болғандықтан балабақшаға беруге әлі ерте.Енді менің сізге қоятын сұрағым, мына бала басына төленетін әлеуметтік көмекті мен мемлекеттік қызметкер ретінде ала аламба? Біздің ауылдағы АСП бағдарламасына құжат өткізіп қойғаныма 2 ай болып қалды, маған сен мемелкеттік қызметкер ретінде ала алмайсың деген жауап қайтарды. Осы бойынша толық  жауап беріңізші!

Ответ: 

Құрметті Замира!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа жолдаған хатыңызды қарап келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийінен аспайтын адамдарға ғана тағайындалады.
Аталған Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге қатысты атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге шектеу қойылмаған.

Номер вопроса: 361591
Categories:
Changed on 1 July, 2019 - 19:55
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS