check
A A A
Skip to content

You are here

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 35 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

Жалпы, а.ж. басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 443 тексеру жүргізді, ҚР еңбек заңнамасының 8,9 мыңнан астам түрлі бұзушылықтары анықталып, 253 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Changed on 9 October, 2019 - 15:34
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS