check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Аңдатпа

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылғы 11 мамырда Алматы қаласында 23-ші «KIHE 2016 - Денсаулық» Қазақстандық Халықаралық көрмесі шеңберінде «СК-Фармация» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысыныың ортақ нарығы, Қазақстан Республикасының бірегей дистрибьютерлер жүйесінің даму стратегиясы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.

2016 жылғы 27 сәуірде «Көрме» көрме орталығында Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік бойынша KIOSH 2016 жыл сайынғы форумы өтеді. Шара аясында конференция, дөңгелек столдар және көрме ұйымдастырылады.

Жиын барысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етудегі экономиканың ықпалы; кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша заңнаманы сақтауға ішкі бақылау жүргізу; қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; өндірістегі оқыс оқиғалардың орын алмауы мақсатында кәсіби қатерлерді басқару мәселелері қарастырылады.

Құрметті әріптестер!

2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр Б. Нұрымбетовтің қатысуымен «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша брифинг өтеді.

Өткізілетін орны: Астана қ., Орынбор көшесі 8, 6-кіреберіс, 920 кабинет.

Басталатын уақыты:  11:00-де.

ҚР СІМ ғимаратына кіру талаптарын ескере отырып, 2016 жылғы 4 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін аккредиттеуден өтуді сұраймыз.

 ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі

2015 жылғы 26 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша ҚР ДСӘДМ-нің түсіндіру кампаниясы шеңберінде Ақтөбе қаласына барады. Министр жұмыс берушілермен, еңбек ұжымдарымен, бюджеттік сала, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерімен кездеседі. Оның барысында Министр ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормаларын, азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасы жайында айтып береді.  

2015 жылғы 17 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың және Дүниежүзілік Банктің жобалау тобы басшылығының қатысуымен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторындағы институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» қорытынды конференциясының пленарлық сессиясы өтеді.

2015 жылғы 16 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша ҚР ДСӘДМ-нің түсіндіру кампаниясы шеңберінде Шымкент қаласы «Оңтүстік» Индустриалдық аймағы ЖШС мекемесінде еңбек ұжымдарымен және әлеуметік серіктестермен кездеседі. Оның барысында Министр ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіретін болады.

БАҚ өкілдері үшін 17:00-де ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова сұхбат береді.

2015 жылғы 13 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Орталық қалалық клиникалық ауруханада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, оның барысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы айтатын болады.

БАҚ өкілдері үшін 12:00-де ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова сұхбат береді.

2015 жылдың 10 қарашасында Астана қаласының әкімдігінде ҚР ДСӘДМ түсіндіру кампаниясының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бюджет саласының қызметкерлерімен кездеседі. Оның барысында Министр азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып береді. Аталған шарадан соң Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесуі өтеді.

2014 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын  іске асыру үшін әзірленген 2014 жылғы 2 сәуірде ««Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  № 308 қаулысы қабылданды.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасын іске асыру  мақсатында 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Салымшылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші