A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

мемлекеттік қызметтер

1 шілдедегі мәліметтер бойынша Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 61,5% (424,4 мың адам) еңбекке қабілетті жастағы адамдарға, 25,6% (176,8 мың адам) - зейнеткерлік жастағы адамдарға, 12,9% (89,3 мың адам) - 18 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтері мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Қызмет алушылар тендерлік жүйе мүгедектерге мүлдем сәйкес келмейтіндігіне, жыл сайын қызмет көрсету сапасы мен медициналық бұйымдардың нашарлауына шағымданады.

мемлекеттік қызметтер

Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл ретте Үкімет қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттардың санын 110 миллионға қысқартуды жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары Қазақстандағы аса маңызды және сезімтал сала болып қала беретіні құпия емес.

әлеуметтік карта

Дүйсенбі, 12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Ведомствоаралық кеңестің отырысында елдегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының өзекті мәселелері талқыланды.

Smart Data Ukimet

Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде әрбір ведомствоның ішінде, сондай-ақ Үкіметтің ведомствоаралық деректері деңгейінде көрсеткіштерді талдау үшін құндылығы бар көптеген пайдалы ақпарат жинақталған

Оларды талдаудың тиімділігі үшін Қазақстанда мемлекеттің сандық трансформациясының базалық негізі - Smart Data Ukimet жобасы құрылды.

Нұр-Сұлтан қаласында көпір салушыларға жалақы бойынша берешектер төлене бастады

Ағымдағы жылғы 8 тамызда сағат 10.00-де вахталық әдіспен жұмыс істейтін 26 жұмыскер Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан көпірдің жанына жиналып, жалақы бойынша берешекке байланысты наразылықтарын білдірді.

Құрылысшылар жиналған орынға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас еңбек инспекторы Ерлан Бердалин барды.

Нәтижесінде 26 қызметкердің 5-6 айға алмаған жалақысы бойынша берешек сома шамамен 13 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды.

электрондық еңбек шарттары

Өткен жылы елімізде электрондық еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Жүйеде тіркелген сұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике (мейіргер), санитар, қарауыл кіреді.

демалыс

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады.

Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді.

жаңа электрондық қызмет

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Бұл құжатта әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылы болуы туралы ақпарат көрсетілген.

Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.

брифинг

Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-мнистрі Е. Жылқыбаев  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары туралы айтып берді.

Осы жылдың І жарты жылдығында елімізде 186 мың жұмыс орны құрылды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өскен.

министр Б. Сапарбаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.

Еңбек министрі қала және аудан әкімдерінің, жұмыспен қамту, әділет, мемлекеттік кірістер басқармалары мен бөлімдерінің, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ және жұмыс берушілердің қатысуымен әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші