A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

АӘК алушы туралы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің заңдылығын қадағалайды.

Жұмыс топтарының өңірлерге шығуы және «Е-Халық» ақпараттық жүйесі базасында жүргізген талдау барысында учаскелік комиссиялардың отбасының материалдық жағдайын анықтауға немқұрайлы қарау, кәсіпкерлік (еңбек) қызметтен түскен табысты «жасанды» төмендету, еңбек қатынастары мен жеке қызмет бойынша тіркеудің болмау фактілерін анықтады.

Жұмысты қалай оңай табуға болады

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, олар шын мәнінде біздің әлеміміздің үйреншікті бейнесін өзгертеді. Бүгінде бұл технологиялар бізге интернетте тауарларға тапсырыс беруге, түрлі қызметтерді төлеуге, әлеуметтік аударымдарды тексеруге, жұмыс іздеуге және т. б. көмектеседі.

Жастар практикасы туралы

Павлодар қаласының 24 жасар тұрғыны Мәдина Сағымбекова 2017 жылы Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды бітіргенімен, ол үшін мамандығы бойынша жұмыс табыла қоймады. Әлемнің көптеген түлектерінің құлағы қанық: «тәжірибе жеткіліксіз» деген сөз Мәдинаның алдынан да шықты. Ал оның мамандығы бойынша тәжірибесі мүлде жоқ еді.

- Мен «жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім алдым. Шынымды айтсам, бұл мамандықты тек грант болғасын ғана таңдап едім, бірақ қазір барлығы ойымдағыдай, - деп бойжеткен ағынан жарылды.

Атаулы әлеуметтік көмекпен халық қалай қолданып отыр

Ағымдағы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн. қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың көбі Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады.

Жәрдемақы алушылардың 42%-ы - қала тұрғындары, 58%-ы - ауыл тұрғындары. Ағымдағы жылғы 1 тамызға АӘК 103 млрд.теңге сомасында төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрады.

Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау форматты өзгертті

Бүгінгі күні ай сайын 700-ге жуық қызмет алушыға жәрдемақы тағайындалады.Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау енді автоматты режимде жүзеге асырылады.
Егер бұрын аналар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш жазса, енді осы айдан бастап қызмет алу рәсімі проактивті бола бастады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы аналардың жеке өтінішінсіз тағайындалатын болады. Мемлекеттік қызмет ай сайын 700-ге жуық қызмет алушыға көрсетілетіні белгілі.

Бизнес үшін қайтарымсыз грант алған адамдардын қатарына калай тұруға болады?

Жас кәсіпкер Евгений Шелудько өткен жылдың наурыз айында жеке кәсібін ашты. Өз қабілеттеріне күмәнданған кейбір жас кәсіпкерлерге қарағанда, біздің кейіпкеріміз бизнес әлеміне батыл қадам басты.
Евгения бөдене өсірумен айналысады. Оның командасы Екібастұз және Павлодар қалаларына осы құстың еті мен жұмыртқасын жеткізеді.

мемлекеттік қызметтер

1 шілдедегі мәліметтер бойынша Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 61,5% (424,4 мың адам) еңбекке қабілетті жастағы адамдарға, 25,6% (176,8 мың адам) - зейнеткерлік жастағы адамдарға, 12,9% (89,3 мың адам) - 18 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтері мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Қызмет алушылар тендерлік жүйе мүгедектерге мүлдем сәйкес келмейтіндігіне, жыл сайын қызмет көрсету сапасы мен медициналық бұйымдардың нашарлауына шағымданады.

мемлекеттік қызметтер

Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл ретте Үкімет қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттардың санын 110 миллионға қысқартуды жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары Қазақстандағы аса маңызды және сезімтал сала болып қала беретіні құпия емес.

әлеуметтік карта

Дүйсенбі, 12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Ведомствоаралық кеңестің отырысында елдегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының өзекті мәселелері талқыланды.

Smart Data Ukimet

Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде әрбір ведомствоның ішінде, сондай-ақ Үкіметтің ведомствоаралық деректері деңгейінде көрсеткіштерді талдау үшін құндылығы бар көптеген пайдалы ақпарат жинақталған

Оларды талдаудың тиімділігі үшін Қазақстанда мемлекеттің сандық трансформациясының базалық негізі - Smart Data Ukimet жобасы құрылды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші