A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 82 қаулысы

 

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 23 қаңтар N 82

 

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 39-құжат


 

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2003 жылғы 23 қаңтардағы  
N 82 қаулысымен      
бекітiлген      

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесi

      Осы Ереже "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес жаппай ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң тәртiбiн белгілейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органы;
      2) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
      3) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті орган - банк немесе заңдарда белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым.

2. Ақшалай өтемақыны тағайындаудың тәртiбi

      2. Заңның 22, 23, 26-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындату үшiн тұрғылықты тұратын жерiндегi ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiштi;
      2) жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжатты (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ақталғаны туралы анықтаманы);
      4) тұрғылықты тұратын жерiн растайтын құжатты ұсынады.

      3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және көшiрмелермен салыстыру үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
      Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
      Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, iстердi қалыптастырады, 2-қосымшаға сәйкес саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және оларды бес күндiк мерзiмде облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органдарына жібередi.

      4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iс қағаздары мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес күндiк мерзiмде ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.

      5. Ақтау туралы анықтамада бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатын) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен прокуратура органдарының мұрағаттарындағы қосымша анықтамаларды сұратып алуға құқылы.

      6. Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас еркiндiгi шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатын) тартылған уақыты көрсетiле отырып, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде, ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.

      7. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдер жобалары келiп түскен күннен бастап бес күндiк мерзiмде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және бұл iс пен шешiмдердi белгiленген тәртіппен аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
      Ақшалай өтемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiндегі шешiмге саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
      Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждемелейдi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.

      8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы сомасын қайта есептейдi, ол облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiм жобасын бекітуге жiбередi. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақы есебiнiң дұрыстығын тексередi және үш күндiк мерзiмде оны бекiтедi не ақшалай өтемақыны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.

      9. Егер ақшалай өтемақылар жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекiту туралы шешiм шығарады.

3. Ақшалай өтемақы төлеудiң тәртiбi

      10. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органдар шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың таңдауы бойынша салымдар жөнiндегi дербес шоттарына немесе карт-шоттарына есептеу немесе қолма-қол ақша беру жолымен жүзеге асырады.
      Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды әзiрлейдi және оларды ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдарға бередi.
      Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлемдердi жүзеге асырады.
      Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.

      11. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда, өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.

      12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.

      13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бередi.

      14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi белгілеген мерзiмде ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражат туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ұсынады.

      15. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес сомалар шегiндегі қаражатты ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.

      16. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражат пен төлем тәртібiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ақшалай өтемақы төлеу кестесін жасайды.

      17. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйым үш банктiк күн iшiнде алынған қаражатты төлем тапсырыстарымен белгіленген тәртiппен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға аударады.

      18. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      19. Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстыру актісi жасалады.

      20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган арасында ай сайын салыстыру актісi жасалады.

      23. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртіппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.

Ережеге 1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты   
әлеуметтiк қорғау    
министрлiгiнiң       
аумақтық органының   
басшысы __________   

Өтiнiш

      Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
________________________________________________________________

      Тегi _____________________________________________________

      Аты  _____________________________________________________

      Әкесiнiң
      аты  _____________________________________________________

      Туған күнi _____ж. ________
      Мекен-жайы
      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________
                                           (құжаттың түрiн көрсету)

      Сериясы _________ Нөмiрi ___________ Кiм берді ___________

            Зейнетақы, мүгедектiгi, асыраушысынан айрылу жағдайы, жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын

      ___________________________________________________
                  (керегінiң астын сызу)

      Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алған-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғанын көрсету)
      Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
      ____________________________________________________

      Күні ________________________

      Өтінiш иесiнiң қолы _______________

      Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________

      Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. _________________

      Қолы ____________________________

Ережеге 2-қосымша

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбанына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім

      200__ж. _______                             N ______

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің ___________________ облысы бойынша департаментi

      Азамат __________________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнің аты)

      Жынысы ______________ Туған күнi ________________

      Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi _____________

      Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы ___________
      ___________________________ берiлген N ________ ақтау
       (тегi, аты, әкесiнің аты)
туралы анықтамаға сәйкес

      Бас еркiнен айыру орындарында болған уақыты, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты туралы, сондай-ақ еркiндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде "еңбек армиясы", НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____бастап 19__ж.__________ дейiн

      Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ еркіндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде "еңбек армиясы", НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты
_________________________________________________құрайды
           (жазумен)

      Есептелген сома ______________________
                          (жазумен)

      Ағымдағы жылы төлеуге жататын сома, осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiледі _____________________________
                               (жазумен)

      Төлеуге жататын қалған сома, осы сома кейiнгi екi жыл бойы төлеуге тиiстi айлардың саны көрсетiледі ____________________
      _________________________________________________________
                           (жазумен)

      M.О. Еңбек және халықты
      әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      департаментiнiң директоры (қолы) ________________________
                                              (тегi)

      Тағайындау жөнiндегi маман (қолы) _______________________
                                              (тегi)

      Шешім жобасын әзiрледі:
      M.O. ЗТМО бөлiмшесiнің бастығы __________________________
                             (қолы)           (тегi)
      ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы       __________________________
                        (қолы)                (тегi)

Бөлімдер:
6 сәуір, 2011 - 19:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші