A A A
Мазмұнына өту

You are here

Даниял Қызықұлы

Мен аудандық газетте жұмыс істеймін. Соңғы кезде редакцияға келіп шағым айтушылар көбейді. Негізгі себебі зейнеткерлер жаңа жылдан бастап зейнетақының көбейгені туралы түсіне алмай келеді. мысалы бір зейнеткерлер аз алса, екіншісі көп алады. Осының себебі не де. Жалпы алғанда зейнетақы қалай тағайындалады. Осы туралы толық мағлұмат берсеңіз.
Жауап: 

Құрметті Даниял Қызықұлы!

Қазақстан Республикасында зейнетақы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес тағайындалады.

Осы заңда зейнетақымен қамсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген.

Сонымен бірге,       зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіліп отырады.

2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылєы 19 желтоқсандағы № 1243 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл ретте, зейнетақы төлемін арттыру екі нұсқа бойынша жүргізілді:

- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін алынатын жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шегіндегі табысына қарай;

- зейнетақы төлемдерін 9 пайызға арттыру арқылы.

Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы ісіндегіеңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылды.

Орынд. Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы - Айтанаева Сагира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 207582
5 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші