A A A
Мазмұнына өту

You are here

Күлзира

Мен 2007 жылдың қазан айында екінші балама босанып, төлемақы төлеу орталығына екінші балаға төленетін жәрдемақыға қажетті құжаттарды өткіздім. Қазір жәрдемақы төлеу туралы Заңға өзгерістер енуіне байланысты жұмыс істейтін әйелге жалақысының 40% мөлшерінде жәрдемақы төленетін болса, мен қайта құжаттар жинап өткізуім керек пе? Сонымен қатар, екінші балаға берілетін жәрдемақы мен жалақының 40% қатар төлене ме? Осыған сәйкес мен аудан орталығындағы төлемақы төлеу орталығына қажетті құжаттар туралы білуге барғанымда олар өздеріне әлі мұндай жарлықтың келмегенін айтты. Осы рас па?
Жауап: 

Мемлекеттік сақтандыру қорынан жаңадан енгізілген әлеуметтік қатерлер бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын әйелдерге, яғни жұмыс беруші сіз үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырған жағдайда төленеді.Сізге әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қосымша құжаттар тапсырудың қажеттілігі жоқ, автоматты түрде қайта есептеу жүргізіледі.Заңнамаға енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсанында № 1307 қаулысы қабылданды.
Орындаушы: Бөлім бастығы – Қамбаров Талғат Үсенұлы

Сұрақтың нөмірі: 207716
20 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші