A A A
Мазмұнына өту

You are here

Арайлым

Саламатсыздар. Жана туылган балага берiлетiн алеуметтiк толем акыга кандай кужаттар кажет? Жане ол кужаттарды ата - анасынын тiркелген жерiне гана откiзу кажет пе?Осы жайында толыгырак.Алдын ала рахмет!
Жауап: 

Құрметті Арайлым!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығыңыз бар. Ол үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің тұрғылықты жердегі филиалына келесі құжаттарды тапсырасыз:

1. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

     2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

      3) еңбекке жарамсыздық парағы;

      4) салық төлеушінің куәлігі;

      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса тапсырылады.

2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

      3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

      4) салық төлеушінің куәлігі;

      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

      6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса тапсырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес сіз бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы ала аласыз. Ол үшін тұрғылықты жердегі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің филиалына мынадай құжаттар:

      1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);

      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы) тапсырылады.

Орындаушы - Әлеуметтік сақтандыру бөліиінің бастығы - Қамбаров Талғат Үсенұлы

Сұрақтың нөмірі: 207864
4 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші