A A A
Мазмұнына өту

You are here

Шарипова Кулжамал

Сәлеметсіздер ме? Мен үздіксіз 1970 жылдан мұғалімдік қызмет істеп, 2002 жылы 6 бала тәрбиелеп өсіріп, көп балалы ана ретінде зейнеткерлікке шыққан едім. Сол кезде орташа жалақым -14077 теңгені құрады, ал зейнетақы мөлшері 8200 теңге болған еді. Білімім жоғары, жоғары категориялы ұстазбын.Сол кездегі еңбегім мектептегі ең жоғарғы жеңгейде еді.Биыл зейнеткерлерге зейнетақыны көтерген кезде менің зейнетақым орташа күйде 18400 теңге болып есептеліпті. Осы дұрыс па? Рахмет!
Жауап: 

2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру Қ азақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1243 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл ретте, зейнетақы төлемін арттыру екі нұсқа бойынша жүргізілді:

- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 25 айлық есептік көрсеткішке шектеліп ескерілетін табысқа негізделіп;

- егер зейнетақы төлемін жоғарыда айтылған нұсқаға сәйкес есептеген кезде арттырылған зейнетақы мөлшері алып отырған мөлшерден төмен болған жағдайда, зейнетақы мөлшері 9 пайызға арттырылады.

Зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы ісіндегіеңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүргізілді.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 207980
8 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші