A A A
Мазмұнына өту

You are here

Омартай Г

сәлеметсіздер ме? ана жүктілігіне байланысты берілетін жәрдем ақылар туралы білгім келген еді. жұмыс істейтін ана жүктілігіне байланысты демалыс біткен соң жұмысқа шықса, оған 40% жалақы есебінен жәрдем ақы төленеді ме? жұмыс істейтін анаға 1-ші бала, 2- балаға .... төленетін жәрдемақылар беріледі ме? Сосын білейін дегенім босанғанға дейін және босанғаннан кейін төленетін жәрдемақыдан басқа қандай көмек бар. Жауап күтемін. Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Омартай!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтік төлемдер алуға құқыңыз бар:
1. Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
2. Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс.
Бұл әлеуметтік төлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап бала бір жасқа толғанға дейін төленеді және бұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғаса береді.

Егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы одан әрі жалғасады.

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджет есебінен бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 1-балаға – 5840 тенге, 2 балаға – 6424 тенге, 3 балаға – 7008 тенге, 4 және одан көп балаға – 7592 тенге көлемінде беріледі.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін 35040 тенге көлемінде бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы әйелдің жұмыс істегеніне немесе істемегеніне қарамастан төленеді.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 209353
24 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші