A A A
Мазмұнына өту

You are here

Құрақпаев Ахметхан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы арнаған Жолдауында алдағы 3 жылда зейнетақы 2,5 есе өседі делінген. Ал ең жоғарғы зейнетақы 25 есептік көрсеткіштен аспаса, 3 жылдан соң барлық зейнеткерлердің зейнетақысы бір деңгейде бола ма?Биыл ең жоғарғы зейнетақы 26200 теңге болды. Себебі не?
Жауап: 

Биылғы жылы ең жоғарғы зейнетақы 21900 теңге (1168 х 25 х 75%)
Ал базалық зейнетақы төлемімен (4210 т.) қоса есептегенде 26110 теңге.
Осыған орай, зейнетақының ең жоғарғы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жыл сайын артып отырады.
Елбасының 2008 жылығы Жолдауына сәйкес тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілетін болады.
Бұл ретте, алып жүрген зейнетақы мөлшерлері жеке-жеке арттырылады, сондықтан зейнетақы мөлшерлері бір деңгейде болуы мүмкін емес.
Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209407
3 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші